Туристер ағылуда

Oinet.kz 17-06-2019 537

Screenshot_10.jpg

Рухани астана, тарихтың тірі куәгері Түркістанды жүз рет естіп, бір рет көрушілердің қатары жыл санап артып келеді.  Мамандардың мәліметі бойыншаоблыс орталығына былтыр келген туристер саны 152 124 адамды құраған. Оның ішінде 7 мыңға жуығы шет елден келген. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда 26 пайызға артып отыр. «Статистикалық мәліметке сүйенсек, 152 мыңнан астам қонақ келген. Ол 2017 жылдың кезеңімен салыстырсақ, 26 пайызға өскен. Сырттан келгені қазіргі таңда 6 мың шетелдік. Түркістанда қонақ үйдің аз болуына байланысты келгендердің көбісі Шымкенте тұрақтайды. Ал, бір күндік келушілер саны Кесенеге, Укаш Ата, Сауран, Отырар қалашықтарына 2018 жылы 1 млн. 495 мың адам келіп отыр»,- дейді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Төлебеков.

    Туризмді дамыту мақсатында 2017-2018 жылдары  8 туристік нысанға алып баратын жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Бүгінде өңірдің танымал 35 туристік нысанына QR-кодтар орналастырылды. Сол арқылы туристер өзіне қажетті барлық ақпаратты ала алады. Сондай-ақ, Қ.А. Ясауи кесенесі аумағында Wi-Fi  интернет желісі қойылғаны да туристерге үлкен жеңілдік болуда. Туристік саладағы кадр мәселесі, гид нұсқаушылар, қонақ үй және тамақтану орындарының мәселесі оң шешімін тауып келеді.

 Жыл көлемінде  Түркістанның туристік потенциалын ашу мақсатында Алматы, Астанадан арнайы туроператорлар мен блогерлерді шақырып ақпараттық тур ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, жеке инвестиция есебінен 14 жоба іске асырылды. Оның ішінде қонақ үй, демалыс аймақтары, шипажайлардың  құрылысына 5,4 млрд инвестиция тартылған. Алдағы уақытта жалпы соммасы 13,5 млрд. қаржыға 27 нысанның құрылысын жүргізу жоспарлануда. 


Жастармен ай сайын кездеседі
Мыңға жуық жолаушы тасымалдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу