Жастармен ай сайын кездеседі

Oinet.kz 17-06-2019 674

Screenshot_9.jpg   

 «Ақыл жастан демекші» жастар жылына орай облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы әр ай сайын жастардың идеяларын тыңдап жиын өткізбек. Олар әзірлеген тың жобалардың маңыздылығы жоғары болса өңір басшысының қолдауына ие болады. Алғашқы басқосуда ұсынылған инновациялық жобалар 2020 жылы құрылысын бастап, жүзеге асырылмақ.

Елнұр Еркінұлы Кентау қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы болып қызмет етеді. Ол «Таза сана, таза қала» жобасын таныстырды. Мақсаты қоқыс шығару жүйесін цифрландырып, тұрғындарды тазалыққа үйрету. Сүйтіп Цифрлы Қазақстан бағдарламасының жүзеге асуына мұрындық болып, шарапатын өңір тұрғындары көрсе екен - дейді.

Жас мемлекеттік қызметкер бұған дейін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Түркістан облыстық филиалында үш апта бойы қайта даярлаудан өтті. Тың идеялармен, жаңа мүмкіндіктер тетігін қарастырды. Халықтың жағдайын жақсартуға үн қосып, аса қажет цифрлық жобаның мүмкіндіктерін іздеді. Сүйтіп жобаға дезинфекция ісі мен арнайы қоқысты саралауға жеке-жеке қоқыс контейнерлерін енгізді.

 «Әр алынған қоқыс жәшіктердің көлемі бағдарламада көрсетіліп тұратын болады. Яғни ол жерде жұмыс күні аяқталған кезде қолма-қол ешқандай құжаттар толтырылмайтын болады. Техникада қосымша құрылғысы болады. Ол алаңшаны және қоқыс контейнерлерін барынша дизенфекция жұмыстарын жасайды»,- дейді бас маман.

         Елнұрдың жобасы Өмірзақ Естайұлының көңілінен шықты. Басқарма басшыларына  оның жүзеге асырылуын  жүктеді. 


Жылдық жоспар небәрі 4 айда орындалған
Туристер ағылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу