Мыңға жуық жолаушы тасымалдайды

Oinet.kz 17-06-2019 686

Screenshot_11.jpg

Облыстағы халық тығыз әрі көп қоныстанған Мақтаарал ауданына күнделікті келіп-кететін жолаушылар саны да көп. Сондықтан мұнда қосымша автобекеттер артық етпейді. Осы жағдайды ескерген аудандық әкімдік жақында  жолаушыларға өте ыңғайлы, заманауи, жаңа автобекеттің  тұсауын кесті. «Мырзакент» автобекетінің құрылыс жұмыстарына 50 миллион теңге қаржы жұмсалған.  

  Нысанның ашылу салтанатына  аудан әкімі Бақыт Асанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев қатысып, тұрғындарды құттықтады. 

Автобекетте көрсетілетін қызмет түрлері сан алуан. Атап айтқанда, жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету, жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету, азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету және 6 бағытқа (Мырзакент-Нұрсұлтан, Мырзакент-Алматы, Мырзакент-Шымкент, Мырзакент-Түркістан, Мырзакент-Жетісай, Мырзакент-Атакент) қатынауға толықтай мүмкіндік қарастырылған.

Жаңа нысанда билет кассасы, күту залы, дәмхана, сұлулық салоны және де жүргізушілерге арналған демалу орны мен медициналық кабинеттер бар. Сондай-ақ, ана мен балаға арналған бөлменің сән-салтанатына ерекше назар аударылған.

Айта кетейік, автобекет тұрағына бір мезгілде 4 автобус, 20 жеңіл автокөлік орналаса алады. Күнделікті 1000-ға жуық жолаушыны түрлі бағытқа тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар, заманауи автобекеттің арқасында 80 адам жұмыспен қамтылып отыр.


Туристер ағылуда
Түркістанға фотоэкспедиция жасаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу