Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
1. Әйелдің миы ер адамдікінен 10 пайызға кішірек, бірақ ер адамның миы әйелдікіне қарағанда жасы ұлғайғанда ерте кішірейеді.
2. Әйелдер бір мезетте бірнеше жұмысты қатар жасай алады, ал ерлерге ол «қиынға соғады». Оның себебі мидың екі жартышарын байланыстырып тұратын нейронды талшықтар ерлерге қарағанда әйел адамдарда әлдеқайда көп.
3. Ерлер нақты ғылымдарда мықтырақ, ал әйелдерге гуманитарлық ғылымдар оңайға соғады.
4. Әйелде тіл орталығы мидың екі бөлігінде де бар, сондықтан әйелдер ерлерге қарағанда көп сөйлейді. Есесіне ерлер бөтен жерде айтылған мекен-жайды тез тауып, адаспай жүре алады.
5. Әйелдердің мойны ерлердікінен иілгіш келеді. Сол себепті арқасына бұрылғанда әйел тек мойнын бұрса, ер адам толықтай денесімен бұрылады.
6. Ер адамның терісі әйелдікіне қарағанда қалың болады. Әйелдерге әжім ерте түседі. Сол үшін де әйелдерге тері күтімі (маска, скраб, кремдер) көбірек қажет.
7. Әйелдердің иіс сезу қабілеті жақсырақ. Ер ондаған иістің ішінен біреуін ғана таба алса, әйел оның барлығын да ажырата алады.
8. Әйелдер жүз түрлі түсті ажыртса, ерлер тіпті жасыл мен қызылдың өзін ажырата алмауы мүмкін. Есесіне ерлердің көзі қараңғыда жақсы көреді.