Ми жұмысын ынталандыруға кеңестер

Oinet.kz 14-02-2019 1001

i-1.jpg

Әрбір еркек өз шапшаңдығын (реакциясын), таным-түсінігін, жадысын (ал бұл ми жұмысын ынталандыруға ықпалды) дамытып отыруға міндетті. Ол қатарда 15 кеңесті ұсына кеткіміз келеді:


1. Жаңа орта

Бұрын болып көрмеген немесе сирек болатын жерге барыңыз. Бұл жаңа үлкен саябақ немесе көрші аудандағы зергерлік дүкен болуы да мүмкін. 


2. Жаңа иіс

Кез келген хош иістендірілген өнімді сатып алыңыз. Әрбір таңда ояна салған уақытта жаңа иіс себіңіз - бұл миды "оятуға" жол ашады. 


3. Көз жұмғанда

Кешкісін жалға алған үйдегі жарықты қоспаңыз - бөлмелермен есте қалған жадымен жүріңіз. Жаттығудың бұл түрі назар аударушылық пен жиналуды (концентрация) жоғарылатпақ. Сонымен, бір қатарда жабық көзбен душ қабылдауға да болады. Солай ғана сіз ешнәрсе көрмейсіз, өз кезегінде ағзаның өзге сезім мүшелері іске қосылады.


4. Қол жұмысын ауыстыру

Тісіңізді атқарушы емес қолыңызбен тазалаңыз, ең аз жұмыс жасайтын қолыңызбен атқарыңыз: егер сіз оңқай болсаңыз, тісіңізді сол қолыңызбен, ал егер солақай болсаңыз - оң қолыңызбен.


5. Киім ілгіш (гардероб)

Әртүрлі өнімдерді киіңіз. Зерттеушілер киімге қарасты адамның тек сезім өткірлігі ғана өзгеріп қоймай, сонымен бірге ойлау жүйесінің өзгеретінін дәлелдеген. 


6. Брайля қаріпі (көзі көрмейтіндерге арналған оқу мен жазу жүйесі) және ым-ишара тілі

Брайля қаріпі мен ым-ишара тілін меңгеріп алу қиын тиеді, бірақ, оқи алу қабілеті мен қолмен сөйлесу сіздің сезімдерді ерекше өзгерістерге ұшыратады. Ым-ишара тілінде қарым-қатынастың орта деңгейлі сөздерін үйреніп алсаңыз жетіп жатыр: сәлемдесу, қарапайым сұрақтар, жауаптар. 


7. Жаңа жол

Жұмысқа (дүкенге) жаңа, бейтаныс жолмен барыңыз. Тіпті, жаңа жолы ұзағырақ болып жатса, ештеме етпейді. Бұл тек ми жұмысына оң өзгерістер алып келіп қана қоймай, сонымен бірге сымбаттылықты ұстауға септеседі. 


8. Өзіңе сенімділік

Өзіңізге сенімді болыңыз. Тіпті, егер сізге айыра алмайтын, оң-солын танымайтын жұмыс ұсынылып жатса, келісіңіз. Ми не істеу керектігін нақты білмегенде шапшаң белсенділікке салады. 


9. Қалыпсыз жауаптар

Қалыпты сұрақтарға (стандартный) қалыпсыз жауап беріңіз. Тіпті, "қалайсың?" деген сұрақтың өзіне ондаған әртүрлі сөз тіркестерімен жауап беруге болады - таптаурыннан қашыңыз.


10. Мәнеттер 

Әртүрлі бағалықтағы мәнеттерді саусақ арқылы ғана айыра біліңіз. Жаттығуды сіз әлдекімді немесе әлденені күтіп тұрғанда істеу пайдалы. Уақыт тез өтеді әрі күту соншалықты ауыртпалықты көрінбейді. 


11. Жаңа журналдар 

Жай күнде назарыңыз түспейтін, не болмаса назар салмайтын газет пен журналдарды таңдаңыз. Мысалы, егер сіз сәнге қызығатын болсаңыз, экономикаға арналған журнал сатып алыңыз. Саяхта туралы және өзге елдер туралы оқығанды ұнатасыз ба? Жан-жануарлар туралы журналға ден қойыңыз. Жаңа бір нәрсеге қызығу міндеттілік емес, уақыт өте тақырыпты өзгертіп отырсаңыз жеткілікті. 


12. Дыбыссыз теледидар

Теледидардың дыбысын өшіріңіз және кескіндерге қарай отырып диалог немесе монолог жүргізіңіз. Егер бұл жаттығуды дос-жарандарыңызбен бірге орындасыңыз, барынша қызықты әрі күлкілі шығады. 


13. Демалыстың сан алуандылығы

Егер сіз демалыс күндері әдеттегідей қалада өткізетін болсаңыз, онда келесіде табиғатқа аттаныңыз. Музыка тыңдауды ұнатпайсыз ба? Ән кешіне барып қайтыңыз - жаңа сезімдерге бөленетін боласыз. Егер сізге түпкілікті ұнамай бара жатса, кетіп қала аласыз. 


14. Жаңа екпін

Бұл жаттығуды демалыс күндері жасай аласыз. Егер сіз әдетте барлығын баяу істеп үйренген болсаңыз, екпінді екі есе жылдамдатуға тырысыңыз. Егер де сіз бір минутқа болсын бір орында отыра алмайтын болсаңыз, барлығын толғана, ойлана істеуге мәжбүрлеңіз. Мұның өзі үлкен топтануды (концентрация) білдіреді. 


15. Қалжыңдар

Жаңа әзілдер мен қалжыңдарды ойлап табу - миға пайдалы әрі қызықты іс. Бұл ақыл-ой белсенділігін ынталандырып қана қоймай, сонымен бірге, тапқыр ойлануға қабілет ашады.



Алмұрт әлсіреген ағзаға күш береді
Махаббат деген түнде терезеден гүл сыйлау ғана емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу