Өзің қандайсың,сөзің де сондай
Бүгінгі қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел былай дейді:
Халқымызда «Адамды досына қарап таны», - деген сөз бар. Бірақ адамның досына ғана қарап емес, жауына қарап та кім екенін тануға болады.
Үлкен істерде адамдар өзін сол іске лайықтап ұстауға тырысады, ал ұсақ істерде адамның шын бет пердесі анықталады.
Адамның бағасын өзі емес, өзгелер қояды. «Адамды бөлшек санға ұқсатуға болады. Оның төмені адамның өзі туралы ойлағаны, жоғарысы адам туралы өзгелердің ойлағаны. Төмені көп болған сайын қорытынды азая береді», - дейді Лев Толстой.
Мырзагелді КЕМЕЛ «Ақыл кітабынан»