Анна Шведова: Өмірді сүй!

Oinet.kz 08-02-2019 1132

50681a3efdcc97b5fca8aa4e7dbbd131.jpg

Мен дәрігермін. Институтты қызылға бітірдім. Бітірген кезде дәрігер болмаймын деп шештім. Себебі, біздің медицина симптомдық медицина. Бірін емдеп, бірнешеуін ауыртып береді. Біздің медицина адамның тұтастығын көрмейді. Медицинаның бір тезисі бар: бейдауа дерт деген. Бейдауа дерт деген нәрсе жоқ. Мұндай термин мүлде жоқ. Ондай түсінік атымен болмаған. Мен көптеген пациенттерім арқылы елге емделмейтін ауру жоқтығын дәлелдеуге тырыстым. Өмірдің мәнін жоғалтқан, жер бетінен тірек таппаған науқастарыма дерттің тамыры әлдеқайда тереңірек екенін көрсеткім келді. Институтты бітірген кезде өткен сабақтарымның көбісін ұмытқым келген. Себебі, ол сабақтарда денсаулық туралы бір ауыз сөз жоқ. Ал, дәріні бір жарым, екі жыл ішуді міндеттейді. Шөппен емдеу тек бес күн. 

Бізді дұрыс емделуге үйретпейді. Ол біреулерге пайда бермейді. Тобырды басқару оңай. Адамдардың ғалам заңдылықтарын білгені ешкімге пайда келтірмейді. Өз өздеріңізге өтірік айтпаңыздар. Өтінем. Ең қорқыныштысы, бейсана әрдайым жеңіске жетеді. Қандай есі дұрыс адам ауырғысы келеді, айтыңыздаршы?! Ешбір адам. Онкомен ауырған науқастан не үшін өлгің келеді деп сұрасам, ол Анна Владимировна, өмір сүргім келеді дейді. Жоқ, сенде арман жоқ, мақсат жоқ. Адамдар, сендер арман-мақсаттың қандай маңызды екенін білесіңдер ме? Себебі, армандағанда жаңа уақытты, жаңа заманды елестетеміз. Армандарымызда сан алуан құбылыс бір сәтте орындалады. Жаңа уақытты армандаған кезде, жаңа уақытты елестеткенде, өмірдің қызығына батамыз, өмір сүргіміз келетінін сеземіз. Ауырған адам өлгісі келгені, ол жер бетінен арманы жоқ болған соң кеткісі келеді. Шешесі қызын күйеуге беріп, баласын үйлендіргісі, үйін салып бітіргісі келгенде, адам бәріне қол жеткізеді. Онко өспейді. Дәрігер ретінде айтып тұрмын. Ісік жетілмей қалады. Бейсана деңгейінде онко өте аяусыз. Сол бейсанадағы ойды табу қиын. Неге мен кедейліктен шыға алар емеспін? Неге банкроттық уақытша құбылыс? Ондайды қаншама рет көріп жүрсіздер, солай ма? Адамның ойынан бәрі. 

Кедейлік деген ыңғайлы. Сол сияқты ауру да ыңғайлылық қана. Адамның өмірде үш қуанышы болуы керек. Адам әрқашан жетілуге ұмтылады. Адамға ұлы қуаныш сыйлайтын нәрсе - бірдеңе жасау, туынды жасау. Пирог пісіру. Тамақ жасау. Кесте тігу. Көйлек тігу. Осы жасаған нәрсені қиналмай, оңай жасау керек. Шахмат тақтасындағы пешка болғыңыз келмейді ғой? Мен король мен королева да болмас ем. Өйткені, адам әрқашан еркіндікке ұмтылады. Ойының көкжиегін кеңіткісі келеді. Жақсы көңіл күйде өмір сүріңіздер. Жаман көңіл күйге ешқашан ештеңе тартылмайды. Тек жақсылықтың толқыны өзіне магнит құсап игілікті тартып отырады. 

Оқу, кәсіп, адамгершілікті ту қылып тік жүрегіңе. Сонда ой былғанбайды. 

Аман сау болыңыздар.

Анна Шведова

дәрігер нутрициолог

Қиын кезде бәрінің бетпердесі ашылады
Бәрі де өтеді,кетеді...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу