Бәрі де өтеді,кетеді...
Бәрі де өтеді, кетеді. Қиындық. Тығырық. Қайғы да. Бастысы жүрекке қормал бол. Тағыланып кетпе. Күйбең тірлікке, сатқындыққа, айырылып қалуға, көп ақшаға батып қалма.
Өмірді тезірек бір арнаға түсіргіміз кеп асығамыз. Асыққанымыз сонша, бір өмірді жеті сүріп үлгергендейміз. Дүниенің соңында жүріп бақыттың жанынан асығып өтіп кетеміз.
Заңғар көктен көп ескертпе аламыз. Бір ғажап күш есіктерді ашады, бетперделеді шешеді. Жол көрсетеді. Мейірімді жандарға жолықтырады. Ал, біз көрмейміз. Өзімізге басымыз айналып қалған.
Өмірде кездейсоқтық жоқ. Сынақ берсе, лайық болғаның. Сынақ сенің сабағың. Рухани баспалдағың. Жүрегіңнің құлпын ашатын кілт.
Ал, біз қайтеміз. Жүгіреміз, жүгіреміз, келесі аялдама, кеелсі бұрылыс... Үй, жұмыс, үй. Махаббат қайда? Қол ұстасып кешкі серуенге шығу? Жүректі ескі альбом секілді сандыққа салып қоямыз.
Жүрек баяғыша сенгісі келеді. Баяғыша сүйгісі келеді. Сүйікті болғысы келеді. Титтей үмітті тірілткісі келеді.
Өмір деген жарыста жүгіріп бара жатып, тоқтап дем алуды ұмытпа. Жаныңдағы ет жақындарыңа уақыт бөлуді. Бәрі де өткінші ғой. Күн шығады, түн батады. Уақыт зымырайды. Соның бәрі біз парасатты болсын дегеннен ғой.
(с) Ирина Самарина-Лабиринт
Аударған Шынар Әбілдә