Адамдар ауылдағыдай бейқам өмірді іздейді

Oinet.kz 08-02-2019 917

37fa96dbefcd66d01863383bcce8fa58.jpg

Адамдар ауылдағыдай бейқам өмірді іздейді. Теңіздің жағасына, не тауға шығып кеткісі келеді. Сен де сондай жанның рақатын сезіндіретін тыныш жерді іздейсің. Дегенмен, ойланып қарасаң, бұл дегенің ойсыздық қой: адам әрқашан жан дүниесінде өзімен өзі бола алады. Өз жанында оңаша қала білетін адам одан артық тыныштықты еш жерден таппасын біледі. Әсіресе, жан дүниесіне үңіліп қараған сайын бірден қуанышқа бөленетіндей, жеңілдеп сала беретіндей ерекше қасиеті бар адамдар үшін оңаша қалу өте маңызды. Бұл жеңілдік, меніңше, рухани жайлылық. Осылай оңаша қалу арқылы үнемі өзіңді жаңартып отыр.


Марк Аврелий

Аударған Шынар Әбілдә


Сен оған ұнамайсың, сол ғана!
Қол жетпес, мүмкін емес, мүлтіксіз өзіңізді таныңыз !
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу