«Әншілердің ішкен-тышқанынсөз қылатын ел ешқашан дамымайды»: Айгүл Орынбек

Oinet.kz 18-09-2024 1211

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек әскердегі сыбайлас жемқорлық, сарбаздардың өлімі туралы дабыл қақты. Оның жазуынша, үш жылда 270 сарбаз қайтыс болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_39.jpg

Ол тіпті, әскери қызметкерлердің «жауынгерлік кезекшілікке» демалыссыз  түсетінін алға тартты.

«Біз той тойлап, қонақ күткенді қатырамыз, бірақ өзіміздің азаматтардың жағдайын жасауға келгенде тырықтық жасаймыз!

Бейбіт уақытта үш жылда 270 сарбаз қайтыс болған. Соғыс болып жатқан көрші ел Ресей мен Украинада бұндай көрсеткіш жоқ шығар. Кім кінәлі? Әрине, сыбайласқан жемқорлық!

Әскери бөлімдерді жайлаған сыбайласқан  жемқорлықты көп әскери қызметкер ашынып айтқысы келеді. Бірақ соңында өздері қудаланатынын біліп үндемейді. Қаншама қызметкер ақиқатын айтып, арыз жазып соңында өздері қудаланған. Бізде адам өліп жатса да жүйеге қарсы шығуға болмайды! Себебі жүйелі түрде мына елді жеп отырғандар көп!

Бас Әскери Прокуратура! Әскери қызметкерлер жұмысқа «жауынгерлік кезекшілікке» демалыссыз  түсетінін  білесіңдер ме? Әскери қызметкерлерден әр премиядан қолма қол ақшаларын жинап алатынын білесіңдер ме? Сарбаздардан ақша жинайтынын білесіңдер ме? Әрине білесіңдер, арыз жазғандарды қудалап «ештеңе анықталмады» деп жылы жауып қоя салаыңдар! Кейде сендерге жемқорлықтың ашылғаны керек емес сияқты көрінеді. Еліміздің қауіпсіздігін қорғайтын қорғаныстан жемесеңдер болады ғой Жемқорлар! Біз қалай ел боламыз? Бейбіт күнде әскерге сау жіберген сарбаз табытпен қайтып жатса?!

Уа, қара халық! Мақпал апамның арақ ішкені емес, «бейбіт заманда  сарбаздар  неге өледі?»  деп неғып шуламайсыңдар? Қоғамнан талап күшейгенде мемлекет алға дамиды! Әншілердің ішкен-тышқанын, кімдермен жатқанын сөз қылатын халқы бар ел ешқашан дамымайды!», – деп жазды Айгүл Орынбек желідегі парақшасында.

«Мемлекет деген әке, өзінің баласына ие болуы керек»: Дінтанушы Өзбекстанның бастамасын қолдамады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу