«Мемлекет деген әке, өзінің баласына ие болуы керек»: Дінтанушы Өзбекстанның бастамасын қолдамады

Oinet.kz 27-08-2024 534

Өзбекстанда сақал өсіргендерге айыппұл салына бастады. Өзбекстан тәжірибесінен Қазақстан үлгі ала ма? Бұндай айыппұлдар жат ағымды тоқтата ала ма? Azattyq Rýhy тілшісі дінтанушы Мұхитдин Паттеевті сөзге тартқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_14.jpg

«Қазақстанда тек қазақтар ғана тұрмайды. Қазақстанда түрлі дін өкілдері бар, мысалға,  христиан, будистер де тұрады. Суретшілер, саясаткерлердің өзі кезінде сақал өсірген. Бомждардың да сақалы қауғадай болады. Оларға да айыппұл сала ма сонда? Ол жақсарту емес. Себебімен күреспегеннен кейін салдарымен күресудің қажеті жоқ. Бұлақтың басы лай болса, бер жағын тазартқанмен ештеңе өзгермейді. Сондықтан, бұл ертек сияқты әңгіме. Қара жамылғандарға қатысты да сол. Мектепте Мөңке би, Бұқар жыраулар туралы дұрыс ақпарат беру керек. Оқушыларды өзінің ата-балаларының әлемімен сусындату керек. Сонда ғана олар бұрылып, атасының жолына түсіп, қазақылықпен жүреді. Сақал қою, қоймау - екінші  мәселе», - дейді ол.

Дінтанушының айтуынша, алдымен адамдардың сыртқы емес, ішкі жан дүниесін өзгерту керек.

«Сақал қойды деп, бер жағындағы бомжды ұстап алып, сақалын алудан нәтиже шықпайды.  Жат ағымдарға айыппұл салып, азайту мүмкін емес. Керісінше, бұл оларға көмек болады. Ондаймен мәселе шешілмейді. Кезінде қара жамылғандар мен қауға сақалға есік ашылды. Қазір жаңа заман. Мемлекет деген әке, өзінің баласына ие болуы керек. Шашын алған бала өзгеріп кетпейді. Сақалын алғандар ата-бабасының жолына түсіп кетпейді. Одан да рухани тұрғыда ата-баба жолына түсуі керек», - дейді Мұхитдин Паттеев.

Оның айтуынша, бұрын қазақта жат ағымдар болмаған. Өзге мұсылман елдерінде болса да, елімізде қазақылық сақталған.

«Қазақ хандығы, Ақ орданың кезінде ислам діні қалай дамығанын зерттеу керек. Ол заманда жат ағым неге болған жоқ? Осы мәселеге бет бұру керек. Бабалар ұрпағын қалай тәрбиеледі екен, соны білу керек? Мысалы, өткенде Атырауда ұршық иірген әженің ұршығын «ширк» деп отырғандар сақал қойса да, қоймаса пайда жоқ. Сондықтан ел үшін бұл күлкілі болады. Қара жамылу деген христиандарда бар. «Монашкалар» шіркеуде қара киініп жүреді. Қазақстанда тұрғандықтан, оларға айыппұл сынды шектеулер енгізу артық болады», - дейді Мұхитдин Паттеев.

Еске салсақ, Өзбекстанда сақал қойған ер адамдарға айыппұл салына бастады. Олар 3,4 миллионнан 5,1 миллион сумға дейін, яғни 2 млн теңгеге жуық айыппұл арқалады. Елде осындай 789 іс тіркелген.

Мемлекеттік қызметте икемді жұмыс кестесімен және қашықтықтан жұмыс жасау мүмкіндіктері
«Әншілердің ішкен-тышқанынсөз қылатын ел ешқашан дамымайды»: Айгүл Орынбек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу