Бір орында тұрып бақ күту - ессіздік

Oinet.kz 20-06-2023 466

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Әділетті Қазақстанда еңбек адамы ең бірінші орында тұрады" - деді. Шымкент қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Талғат Ысқақов бұл туралы " Халықтың бай болуын қамтамасыз ету үшін ең алдымен оны масылдық психологиядан құтқаруымыз қажет.

Screenshot_20230630_101803_Facebook.jpg

Осы жолда еңбек адамдарын ынталандыру, құрмет көрсету, олардың жетістіктерін дәріптеу маңызды.

Текстиль өнеркәсібін дамытуды қолға алған кезден біз бұл ұстанымнан айнымай келеміз. "Bal tekstil" өнімдері халықаралық стандарттарға сай лайықты бағасын алып жүргені сол еңбектің нәтижесі, әрі бұл жетістікте әр жұмысшымыздың үлесі бар.

Әділетті Қазақстан - президенттің пәрменімен ғана емес әр азаматтың еңбегімен құрылатынын білейік. 

Бір орында тұрып бақ күту - ессіздік. Бақ пен ырысқа жету үшін алға қадам басу керек. Тек мақсаты бар, қиындықтан қорықпайтын, еңбектен қашпайтын адам Жаңа Қазақстанның игілігін көрмек" деді.

Әділетті әлеуметтік саясатты жақтаймыз
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу