Неге қаза болғандардың ішінде әйел заты біреу ғана, көбі еркек?
Әр салада өзінің тәжірибелі маманы отырса, қызметті мансап, атақ-абырой, өсу жолы, ақша деп қарамай ҚЫЗМЕТ деп қараса Қазақстанда көптеген трагедиялар болмас еді. Кешегі Арыс оқиғасы, бүгінгі Абай облысындағы өрт, барлығы да осының салдары!!!
Жап-жас қызға, мынандай жауапкершілігі бар даланың ісін тапсырып отырған биліктің де қателігі сол. Неге қаза болғандардың ішінде әйел заты біреу ғана, көбі еркек? себебі даланың ісі бәрі бір Еркектің шаруасы. Әйел мен еркек бірдей дейсіңдер, құқы бірдей шығар, бірақ қоғамдық жұмыс бөлісінде бәрі бір тең емес, неге әйел өрт сөндіруші, әйел орманшы жоқ!? Себебі әйелдің нәзік табиғаты сай келмейді оған. Бұл саланы ерлер жақсы біледі деген сөз, ендеше басшылығы неге істің жөнін білетін ер адам болмады? Мына қыз алғаш басшылыққа сайланғанда, "Көкетайлар-ай, менің қолымнан бұндай жауапкершілігі үлкен, тәжірибе талап ететін шаруа келмейді ғой, мені қоймаңдар басшы етіп деп жыласа жарасар-ақ еді. Енді жыладың не күлдің не бәрі бір! Өте өкінішті. Қаза болған жандарға қайғыра көңіл айтамыз! Ел қайғысы біздің қайғы! Қайырын берсін Жаратқан!
Nurdaulet Es-Agasi Facebook парақшасынан