«Шамаларың тек осы қызға жетіп тұр ма?»: Белгілі заңгер экология министрін сынағандарға шүйлікті

Oinet.kz 12-06-2023 7057

Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен көз жұмған орманшылардың туыстарымен кездесуі кезінде Экология және табиғи ресурстар министрі Сүлейменова Зүлфия көз жасына ерік берді. Жас минстрдің жұрт алдында жылаған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ал экология министінің бұл қылығына белгілі заңгер Айгүл Орынбек жылышырай танытып, пост жазды.

Screenshot_20.jpg

"Жаным ау, халықтың алдында көзін көтеріп қарай алмай, жылап тұр. Отыз жыл басқарған жемқорлардың  жүгін жалғыз өзің көтеріп тұрғандайсың. 

Сағың сынбасын, Сен жалғыз емессің Зульфия Сүлейменова! Бұл сыбайласқан жүйені тазалау мүмкін емес екенін білем. Бірақ берілме, қайтпа, көтер басыңды! Артыңда қолдаушы қалың ел бар және әпкең мен бармын. 

Сен жылама, мойныңа осындай ауыр шоқпарды іліп қойған жемқорларды жылат! Бүкіл жүйедегі былықтарды ашық айт, көрсет! Нәзіктік танытпа, біздің ақшаға құнныққан жемқорлар сенің әйел заты, нәзік жанды  екеніңе қарамайды! Өзіңнің әлсіздігіңді көрсетпе!

Кеше келген бұл қызда нелерің бар? Шамаларың тек осы қызға жетіп тұр ма?",- деп жазды өзінің Facebook парақшасында.

Аталған постқа Facebook қолданушылары:

"Бұл жерде Зүлфия емес бұрыңғы ТЖЖ-гі министр тұру керек еді", "Маған министрдің жылағаны қажет емес, көзі ақсын! 14 жандының сұрауы кімнен! Жетім қалған, өнбей қалған ошақты кім жағады! Аяу сезімім жоқ! Мына бейнеүзікті саған жіберіп қорға деп отырғаны көрініп тұр. Президенттік жастар резервінің авторының секретары екеніңді білеміз! Мұндай резервтің қажеті шамалы!", "Министрлікке келген соң кез келген ситуацияға жауапкершілікте болу қажет. Барлығын жазалау керек, шен шекпеніне қарамай,14 жанұяның көз жасы жібермейді", "Еркектер жыласын, қаражатты жеп қойған. Қарындасты жылатпасын, жемқор жүйе!", "Жап-жас, тәжірибесіз қыз бала, мемлекеттік деңгейдегі проблемаларды шеше алмайтыны әу бастан-ақ белгілі емес пе?! Ет жемей, жануарларды жақсы қорғайды деп, қанша азаматымыздан айырылдық. Миға сыймайтын іс-әрекеттер бәрі…",- деп жазып жатыр.

«Өрттей отты ұлдарының жоқтығынан, орман өртеніп жатыр» - Омар Жәлелұлы
Неге қаза болғандардың ішінде әйел заты біреу ғана, көбі еркек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу