МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні. Осы ерекше күнге орай, елімізде алғаш болып Шымкент қаласында №8 балаларға арналған «Қамқорлық» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылды.
Маңызды іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице–министрі Ербол Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов және «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жамишев, "Самұрық-Қазына"АҚ қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік Қорының бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров,«Қамқорлық Қоры» Корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.
Іс-шара қонақтары ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықтық жұмысымен толық танысып, балалардың ата-аналарымен тілдестіп, пікірлерін тыңдады.
Орталықтың психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. Айта кетерлігі,мекеме іші Финляндия, Жапония, Австрия мемлекеттерінен жеткізілген арнайы жиһаз жыйынтықтарымен жабдықталған. Мұнда, қызмет алушы балалар үшін проекциялық интерактивті сенсорлық бөлме, сенсорлық интеграциялық бөлмелері, ЕДШ залы, робототехника лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханалары қарастырылған. Ал, «Қамқорлық» қоры мен «Балама» оқыту орталығының келісімі негізінде орталықтың 36 маманы біліктілігін арттыру курстарынан өткен.
Айта кетейік, Орталықтың жобалық қуаты 110 балаға арналса, қазір 40-қа жуық бала ем алуда.
«Қамқорлық» орталығы аты айтып тұрғандай 18 жасқа дейін балаларға өз есігін қамқорлықпен ашады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ашылған мекеме «Қазақстан халқына қоры», «Самырұқ Қазына» АҚ және «Қамқорлық қорының» демеушілігімен Финляндия, Жапония, АҚШ және Австрия елдерінің құрылғы жиынтығымен жабдықталды. Бұған дейін балалар өзге орталықтарда 3 ай ғана әлеуметтік қызмет алатын. Енді олар осында мамандардан ем алып, қосымша біліммен қамтылады,- деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.