Ең оңайы бағаны қымбаттата салу ғой деймін
Түсінбеймін. Көрші мемлекеттерде жанармай қымбат, Қазақстандағы арзан жанармайды тасып кетіп жатыр, сондықтан біз де қымбаттатамыз дейді. Олар жанармайды аспанмен емес, жердегі жолмен таситын шығар? Неге қатаң бақылау орнатпасқа?
Әлде бұл соншалықты қиын ба?
Қарапайым мысал. Ақпан айында Гоада демалып қайтқанымды айтып едім ғой. Менімен бірге гүл өсімдіктерін қатты жақсы көретін бір әйел барған. Сол әйел Гоада ғана өсетін тропикалық өсімдіктің көшетін елге алып кетпек болған. Сөйтсе, Гоадан гүлдің көшеті тұрмақ, жай көшеде өсіп тұрған кез-келген өсімдіктің жапырағы дейін елден шығаруға тиым салынған екен. Ұстап алса, әкесін танытып тұрып айыппұл салатын заңдары бар көрінеді.
Бізден шығарып кетіп жатқан жанармайға байланысты да осындай қатаң тәртіп орнатса болмай ма? Әлде елдегі сыбайласқан жемқорлық бұған дес бермей ме? Ең оңайы бағаны қымбаттата салу ғой деймін?
Бірақ қашанға дейін қымбаттата бермек? Бізде қымбаттаған сайын көрші елдерде де қымбаттамаса арзандай қоймас.
Гүлмәрия Барманбекова
Facebook парақшасынан