Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Фотода: Haileybury Almaty мектебі
Қазақ қоғамы бүгінде экономикалық табысы мен әлеуметтік мәртебесіне қарай жіктеле бастады. Алғашында бұл жіктелу отандастарымыздың тұрғызған зәулім үйлері мен қос-қостан мінген қымбат көліктері арқылы көрініс берді. Соңғы жылдары бұлайша жіктелу нышаны беделді оқу орындарда байқалуда. Шетелдердің айтулы университеттерінде оқып жатқан студенттердің жайы – бөлек әңгіме. Бүгін оқырманға Қазақстандағы ең көп табыс табатын 150 орта мектеп жайлы ақпарат бермекпіз.
Қазір – бәрі бизнес: жұмысқа орналастыру, тендер ұтуға дәнекер болу, үйленетін жастарды табыстыру, жол ашу, дем салу – бәрі-бәрі бизнес. Болашақта үлкен табысқа жетуге кепілдік беретін жеке меншік мектептер де – үлкен бизнес екен. «Forbes Kazakhstan» ақпараттық порталы биыл екінші рет Қазақстандағы ең табысы көп мектептердің тізімін жариялап отыр. Алматы мен Астана қалаларында 54 жекеменшік мектеп бар. Әрине, бұл мектептерде қарапайым жұмысшы мен ауылдағы шопанның баласы оқымайды. Бұл мектептерде негізінен билік пен бизнес өкілдерінің балалары оқиды.
Мұндай мектептердің рейтингісі жылдық табысы негізінде жасалған. Әрине, бұл мектептердегі білімнің сапасы да жоғары. «Қымбат – хикметсіз болмайды, арзанның сорпасы татымайды» деген нақыл босқа айтылмаған болар. Сонымен Қазақстандағы үздік жеке меншік мектептердің рейтингісі мынадай:
Бірінші орын - Haileybury Almaty. Жылдық табысы – шамамен 2,7 миллиард теңге. Бұл 15 миллион долларға жуық сома. Оқу үшін айлық төлемақы – 516 мың теңге. Оқушылар саны – 575. Бітірушілер ҰБТ тапсырмаған. Мектептің негізін салғандар – Сержан Жұмашев (жыл бизнесмені), Нұржан Сұбханбердин, Айдан Кәрібжанов, Әльфия Қуанышева және бірқатар компаниялар. Haileybury Almaty – Қазақстандағы ең қымбат мектеп.
Екінші орын – HaileyburyAstana. Жылдық табысы – шамамен 1,5 миллиард теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 381 мың теңге. Оқушылар саны – 430. Бітірушілер ҰБТ тапсырмаған. Мектептің негізін салғандар – Сержан Жұмашев (жыл бизнесмені), Нұржан Сұбханбердин, Елбасының қоры, Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қоры, «Казцинк» ЖШС. Мектеп 13 гектар жерде орналасқан. УЕФА стандарттарына сай жабдықталған футбол алаңы бар.
Үшінші орын – «Мирас» халықаралық мектебі. Астана қаласында. Жылдық табысы – шамамен 1,4 миллиард теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 417 мың теңге. Оқушылар саны – 370. ҰБТ бойынша орташа балл – 99,4 (2014 жыл). Мектептің негізін салған – Динара Құлыбаева, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қоры.
Төртінші орын – “TAMOS Education» физика-математика мектебі. Алматы қаласында. Жылдық табысы – шамамен 1,25 миллиард теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 117 мың теңге. Оқушылар саны – 1185. ҰБТ бойынша орташа балл – 100,35 (2015 жыл). Мектептің негізін салғандар – Дәурен Қаупынбаев, Мұрат Омаров. Бұл – оқушылар саны бойынша алғанда рейтингке енген мектептердің ең үлкені.
Бесінші орын – «Galaxy» халықаралық мектебі. Алматы қаласында. Жылдық табысы – шамамен 947 миллион теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 206 мың теңге. Оқушылар саны – 512. Бітірушілер ҰБТ тапсырмаған. Мектептің негізін салған – KATEV халықаралық қоғамдық қоры. «Galaxy» халықаралық мектебі 1994 жылы «Шахлан» деген атпен түрік балаларына арнап ашылған болатын. Мектеп Кембридж стандарттары бойынша білім береді.
Алтыншы орын – «Достар» халықаралық мектеп-лицейі. Алматы қаласында. Жылдық табысы – шамамен 842 миллион теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 130 мың теңге. Оқушылар саны – 717. ҰБТ бойынша орташа балл – 101,11 (2014 жыл). Мектептің негізін салған – Юрий Цхай.
Жетінші орын – «Нұр Орда» халықаралық мектебі. Астана қаласында. Жылдық табысы – шамамен 717 миллион теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 233 мың теңге. Оқушылар саны – 342. 2014 жылы бітірушілер ҰБТ тапсырмаған. Мектептің негізін салған – KATEV халықаралық қоғамдық қоры.
Сегізінші орын – «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейі. Астана қаласында. Жылдық табысы – шамамен 435 миллион теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 151 мың теңге. Оқушылар саны – 320.ҰБТ бойынша орташа балл – 100,67. Мектептің құрылтайшысы әрі негізін салушысы – KATEV халықаралық қоғамдық қоры.
Тоғызыншы орын – «Тұран» мектеп-лицейі. Алматы қаласында. Жылдық табысы – шамамен 428 миллион теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 106 мың теңге. Оқушылар саны – 450. Мектептің құрылтайшысы әрі негізін салушысы – Рахман Алшанов, Қуаныш Тазабеков, Орақ Алиев.
Оныншы орын – Экономикалық лицей. Астана қаласы. Жылдық табысы – шамамен 353 миллион теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 67 мың теңге. Оқушылар саны – 589. ҰБТ бойынша орташа балл – 92 (2014жыл). Мектептің құрылтайшысы әрі негізін салушысы – Татьяна Ильященко мен Валерий Ильященко. Экономикалық лицейдің негізі 1998 жылы салынған.
Он бірінші орын – Қыздарға арналған қазақ-түрік лицейі. Алматы қаласында. Жылдық табысы – шамамен 344 миллион теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 113 мың теңге. Оқушылар саны – 339.ҰБТ бойынша орташа балл – 104,22. Мектептің құрылтайшысы әрі негізін салушысы – KATEV халықаралық қоғамдық қоры.
Он екінші орын – «Новая школа». Алматы қаласында. Жылдық табысы – шамамен 282 миллион теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 111 мың теңге. Оқушылар саны – 282.ҰБТ бойынша орташа балл – 93,6. (2014 жыл). Мектептің құрылтайшысы әрі негізін салушысы – Тамара Инюшина. Жаратылыстану пәндері мен тілді тереңдетіп оқытуға басымдық берілген.
Он үшінші орын – Қазақ-Американ университеті жанындағы мектеп. Алматы қаласында. Жылдық табысы – шамамен 194 миллион теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 85 мың теңге. Оқушылар саны – 254. Мектептің құрылтайшысы әрі негізін салушысы – Әмір Құсайынов.
Он төртінші орын – «Самай» Алматы математикалық-лингвистикалық мектебі. Жылдық табысы – шамамен 108 миллион теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 80 мың теңге. Оқушылар саны – 150. ҰБТ бойынша орташа балл – 78,3 (2014 жыл). Мектептің құрылтайшысы әрі негізін салушысы – Ғалия Садуева. Ағылшын тілімен қатар қытай тілі де тереңдетіп оқытылады.
Он бесінші орын – «Голубой парус» мектебі. Алматы қаласында. Жылдық табысы – шамамен 85 миллион теңге. Оқу үшін айлық төлемақы – 90 мың теңге. Оқушылар саны – 105. ҰБТ бойынша орташа балл – 67,6 (2014 жыл). Мектептің құрылтайшысы әрі негізін салушысы – Марина Есқараева. 1992 жылы Марина Есқараева бірінші болып жеке меншік мектеп ашқан. Қазір бұл мектеп Білім және ғылым министрлігінің 12 жылдық мектепке өту бағдарламасының сынақ алаңы қызметін атқарады. Мектептің Алматы, Астана, Атырау қалалары және Бурабайда филиалдары бар.
Міне, еліміздегі ең табысы көп жекеменшік мектептердің атын атап, түсін түстеп шықтық. Қазір бұл мектептердің жүздеген бітірушілері әлемнің ең беделді университтетерінде білім алып жатыр. Адам мен адамды теңестіретін білім екені белгілі. Соңғы жылдары Қазақстанның әлемдік рейтингтердегі, соның ішінде білім мен адами капиталдың дамуы бойынша көрсеткіштері өсіп келеді. Табиғи ресурстарымыз бен интеллектуалдық ресурстарымыз өзара үйлесіп жатса, Қазқастанның дамыған елдермен терезесі теңеле түседі. 21 ғасыр – білім мен ақпараттың, сонымен қатар, қазақтың ғасыры болғай!
Мұрағаттан, 2015 ж