Қабанбай батырдың қанжары сақталған

Oinet.kz 10-11-2022 318

Screenshot_7.jpg

Түркістан қаласының туризмін өркендетуге өз үлесін қосып жатқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде көптеген тарихи жәдігерлер сақталған. Жәдігерлер сонау Қазақ хандығы тұсынан бері келе жатыр десек болады. Мұндай тарихи жәдігерлер туристерді өзіне қызықтыра біледі. Қазақтың батырлары ұстаған, қолданған қаруларды қазіргі туристер де ұстап көргісі келеді. Сонау жаугершілік замандағы атмосфераны сезінгісі келетіндер аз емес. 

Олардың қатарында Қаракерей Қабанбай батырдың қанжары, 1978 жылы “Әзірет Сұлтан” қорық-музейі республикалық музей ретінде ашылар сәтте мемлекет және қоғам қайраткері, сол кездегі мәдениет министрінің орынбасары Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен, жергілікті партия комитетінің қолдауымен жергілікті халықтан жиналған және жыл сайын музейге сый ретінде тапсырылып жатқан құнды дүниелер бар.Сыйға келген жәдігерлер тарихына көз жүгіртер болсақ, музейге сый тарту әйгілі қолбасшы Әмір Темір заманынан бастау алады. Оған дәлел Әмір Темірдің бұйрығымен құйылып, кесенеге сыйға берілген халық өнерінің лағыл маржандарының қатарына жататын, алтын күміс жалатылған 6 дана шырағдан мен тайқазан, лауха сынды жәдігерлер болып табылады.

Музей қорын толықтыруда тек Қазақстаннан ғана емес, көршілес мемлекеттерден және Түркия Республикасынан да атсалысып жүрген азаматтар бар. Алдағы уақытта музей қоры құнды жәдігерлермен толыға береді. 

Жер асты мешіттері туристердің қызығушылығын оятты
Түркістанда тұла бойы құпияға толы кесенелер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу