Түркістандағы шығыс асханасына сұраныс жоғары
Түркістан қаласында халық Шығыс тағамдарына құмар. Оның ішінде - Өзбекстан елінің тағамдарына деген сұраныс өте жоғары. Халық өзбек ағайынның палау секілді ұлттық тағамдарын ерекше ұнатады. Осы орайда Түркістанда өзбек асханасының тағамдарын ұсынатын мейрамханалар саны артуда. Соның бірі - WOV PLOV.
Осындай мейрамханалар клиентінің көптігіне қарай қалаға төлейтін салығының да көлемі артуда.
WOW PLOV мейрамханасы дәмді тағамдар мен салқын сусындардың атмосферасына енуге шақырады. Қоғамдық тамақтандыру орындары қазіргі әлемнің ажырамас бөлігі ғана емес. Ас әзірлеуге қымбат уақыт жұмсағыңыз келмей ме? Оңай ештеңе жоқ: өз қалауыңыз бойынша мейрамхана немесе кафе тауып, мәзірден тағамды таңдаңыз! Салауатты бәсекелестік пен қамқор асхана - аспазшылардың ақша үшін ұсынатын тағам деңгейін сақтайтын екі нәрсе.
Палау – әлемдегі ең танымал және ең көп сұранысқа ие тағамдардың бірі. Палауды жасауды және оны жеуді жақсы білгенімізбен, оның тарихына келгенде айтарымыз таусылып қалатындығы ақиқат. Алайда, бүгінгі жазба сіздің осы олқылығыңыздың орнын толтыра алады.
Палаудың ең алғаш дүниеге келуін б.з.д. 2-3 ғасырларға жатқызуға болады. Дәл осы кезеңде күріш пайда болған еді. Палаудың шыққан жері - Таяу Шығыс және Үндістан. Бұл тағамның жүздеген мәзірі белгілі. Және әрбір елде, әрбір ауданда, әрбір халықта өзіндік ерекшеліктері бар. Каспий жағалауындағы елдерде, Түркіменстаннан бекіре балық қосылған, Түркия мен Өзбекстаннан өрік, анар, алша қосылған, Қазақстаннан жылқы еті мен қазы, құйрық қосылған палауды жей аласыз. Керек десеңіз, әзірбайжандық Шах-Гусейн Кермиов "Әзербайжан палауы" атты кітабына осы тағамның жүзден астам түрін жасап, талдап енгізген.