«Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда

Oinet.kz 06-11-2022 193

Screenshot_6.jpg

Кәсіпкерлік - кез-келген мемлекеттің экономикасының негізгі қозғаушысы. Кәсіпкерлік негізінен тек бір адамның ғана емес, кәсіпкер жұмыспен қамтитын ондаған адамның хал ақуалын жақсартары анық. Кәсіпкерлік елімізде дами түссе дүкен сөрелері шетелдік емес, отандық өнімдермен толығысып, ел экономикасына елеулі өзгерістер әкеледі.

Түркістан қаласы қазірде екі бағытта дамуда. Оның бірі туризм болса, екіншісі кәсіпкерлік. Бұл тұста қонақ үй мен мейрамхана бизнесіне айрықша көңіл бөлінуде.

Осы тұста кезінде Атамекен жобасының «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша «Rixos Turkistan» қонақ үйінің ашылуына 7 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Қонақ үйдің ашылуы қала мәртебесі үшін ерекше сипатқа ие. 120 орынға шақталған қонақ үй 3 гектар аумақта бой көтереді. 6 қабаттан тұратын ғимаратта 3 бірдей мейрамхана, кинотеатр және іскер топ өкілдері үшін бизнес орталықтар жоспарланған. Жобаның жалпы құны 10 млрд. теңгені құрайды. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2020 жылға қарай аяқталды.

Түркістан тарихи-мәдени мұралар мен ескерткіштерге бай өңір. Мұндай жерлерге туристер көптеп ағылатыны мәлім. Сондықтан да туристік инфрақұрылымды барынша жақсарта түсу аса маңызды пункт. Яғни, шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алу үшін өңірдегі әуежай және темір жол желілерінде сапалы қызметтер көрсетілуі тиіс. Бұл тұрғыда қонақ үйлердің де деңгейі жоғары болуы үлкен мәнге ие. Демек, қаламыз қонақтардың жүріп-тұруына ыңғайла болса, келетін туристердің саны да арта түседі. 

Бүгінде «Rixos Turkistan» жоғары деңгейде жұмыс істеп, көптеген шетелдік азаматтарды қабылдап жатыр. «Rixos Turkistan» - Түркістан қаласының ең көрнекті жерлерінің бірі ретінде шетелдіктерге ұсынылуда. Аталған қонақ үй бюджетке көп мөлшерде салық төлеп, қала экономикасының дамуына орасан зор үлесін қосуда.

Түркістандық кәсіпкер жылыжай көлемін ұлғайтып мол өнім алды
Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу