Шетелдік кофеханасы желісі Түркістанға келіп жетті

Oinet.kz 06-11-2022 265

Screenshot_2.jpg

Кофе - қуырылған кофе дәндерінен дайындалатын сусын. Ғалымдардың есептеуінше, бүкіл әлемде әр күн сайын 1,6 млрд шыны аяқ кофе ішіледі екен. Осыдан-ақ бұл сусынды жаны сүйетіндердің қатары көп екенін аңғару қиын емес. Мамандар кофенің екі артықшылығын айтады: біріншіден, кофе - андиоксидант есебінде ағзаны әртүрлі химиялық заттар мен токсиндерден тазартады; екіншіден, жұмыс істеу қабілеті мен еңбек өнімділігін арттыратын кофеин (оны артық мөлшерде қолдану зиян). Сондай-ақ кофенің құрамында B дәрумені, калий мен магний бар.

Жалпы соңғы жылдары кофеге деген қызығушылық артып келеді. Әсіресе жастар жағы кофені күнделікті тұтынуға айналды. Олар әрбір таңдарын кофе ішумен бастайды. Бүгінде Түркістан қаласының тұрғындарына дәмді кофе ұсынатын кофейнялар саны артуда. Соның бірі - Traveller's Coffee. Бұл компания - желілік мейрамхана желісі. Ресейден бастау алатын кофейня бүгінде Түркістан қаласында сапалы, дәмді кофемен тұрғындарды қамтамасыз етіп отыр. 

Қазіргі таңда кофеханаға күнделікті келуші азаматтардың қарасы мол. Олар мұнда дәмді кофе ішіп, жұмыстарын құлшына аттанады. Кофехана тапқан табысынан жергілікті атқарушы органға салық төлеп, еліміздің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосуда. 

Алдағы уақытта Түркістанда мұндай қоғамдық тамақтану орындары көбейе береді. Әсіресе халықаралық деңгейдегі түрлі мейрамханалар желісі Түркістаннан өз филиалдарын ашуға күш салады. 

Түркістан шайханалары Шығысқа тән атмосфера сыйлайды
Кофе бизнесі өз тұтынушыларын тауып үлгерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу