Кофе бизнесі өз тұтынушыларын тауып үлгерді

Oinet.kz 12-11-2022 301

Screenshot_3.jpg

Дәмі тіл үйіретін, хош иісті сусынның бірі - кофе. Бастауын Таяу шығыстан алатын өсімдік тропиктік аймақтардағы кофе ағашының тұқымы. Кофе ағашы егілген соң, алты жылдан кейін өнім бере бастайды.Әлемде кофенің сан мыңдаған түрі бар. Варашава кофесі, Шығыс кофесі, бразилиялық кофе және т.б. Оның негізгі түсі жасыл, тек қуырған соң қоңырқай тартады. Бұлардың сырт пішіні ұқсас болғанымен, дәмі өз алдына ерекше.

Бүгінде кофеге қызығушылар Түркістан қаласында да өте көп. Түркістанда мемлекеттік қызметкерлер таңертең кофе ішіп жұмысына аттанады. Кофе адамға сергектік сыйлайды. Осы орайда Түркістанда түрлі кофеханалар ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Соның бірі - Noshi Madota кофеханасы. Мұнда клиенттерге сапалы қызмет көрсетеді. Тұтынушылар қалаған кофелеріне тапсырыс беріп, жайлы орындыққа отырып күте алады. 

Кофеханалар қазіргі таңда жеткілікті деңгейде табыс тауып отыр. Олар әдеттегідей халыққа қызмет етіп қана қоймай, мемлекетке тапқан табысына қарай салық төлеп, қаланың экономикасына айтарлықтай үлестерін қосып келеді. Айта кету керек, мұндай шағын және орта кәсіпкерліктердің үлесі артқан сайын экономикаға қосар пайдасы да артады. 

Түркістан қаласында түрлі қоғамдық тамақтану орындарының саны артып, кәсіпкерлік саласы ерекше жанданып келеді. Алдағы уақытта халыққа дәмді ас, сусын ұсынатын мұндай кофеханалар саны арта бермек.

Шетелдік кофеханасы желісі Түркістанға келіп жетті
Түркістанда былғары аяқ-киім өндірісі дамыды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу