Қонақ үй бизнесі қарқынды даму үстінде
Түркістан - Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. Көне шаһардың келбетін көру үшін мұхит асып келетіндер өте көп. Сонымен қатар, елімізде ішкі туризм де дамып, өз азаматтарымыз да Түркістанға мереке, демалыстарда арнайы ат басын бұрын келетіндер көп.
Қазірде шаһарда кәсіп пен туризмнің қайнап тұрған шағы. Қала облыс орталығы болып белгіленген сәттен бастап, мұнда жаңа ғимараттар мен кәсіпорын, өнеркәсіптер бой түзеп, жұмыссыздық азайып, халықтың әл-ауқаты жақсарған. Мұндағы қонақ үй бизнесі де көз ілестірмей даму үстінде. Сапалы қонақ үйлер көптеген туристерге жайлы орын, құтты мекен бола алады. Мәселен, «Яссы» қонақ үйі.
«Яссы» қонақ үйі қаланың ортасында орналасқан. туристердің арасында аса танымалды бұл қонақ үй инфрақұрылымы мен көлік жол айрығымен ерекшеленеді. Қонақ үй 52 бөлмеден тұрады. Олардың: 3- жартылай люкс, 1-люкс және 48-стандартты нөмірлер. Әр бөлмеде туристердің демалуына қолайлы ванна бөлмесі, кабельді теледидар, мини бар, кондиционер бар. Бөлме жағдайы: ванна бөлмесі, телефон, кабельді теледидар, фен, ашылатын терезелер, минибар, кондиционер. Қонақ үй жағдайы: мейрамхана, интернет, автотұрақ, нөмірлерді тәулігіне 24 сағат қызмет көрсету, жүк тасымал қызметі, кір жуатын орын.
Түркістанның инвестициялық тартымдылығы жоғары, ары қарай дамытып және кеңейтуге мүмкіндік көп. Болашақта қала елге индустриялды аймақ ретінде танылса керек.