Рухани астанада құрғақ сүт өндірісі жолға қойылған

Oinet.kz 01-11-2022 373

Znalezione obrazy dla zapytania молочный порошок

Түркістан қаласында күн санап кәсіпкерлік салансы өрлеп келеді. Мемлекет тарапынан саланы дамыту үшін жасалынып жүрген шаралар мен бағдарламалар қала үшін де, кәсіпкерлер үшін де үлкен жетістік болары даусыз. Себебі кәсіпкерлік дамыса қала гүлденеді.

Қалада жиһаз, тұрмыстық технимкалармен бір қатарда азық-түлік өнімдерін өндіру де кең етек жайып келеді. "Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала" деп қазақ атам айтпақшы, өз өнімімізді өзімізде қуырып жегенге не жетсін. Жақын кездерге дейін ауыл шаруашылығы өнімдері біздің елден сыртқа экспортталып, дайын өнім болып қайта өзімізге импортталып жатса, қазірде өзіміздегі техника да дәл сондай өнімдерді елде жасауға жақсы мүмкіншілік жасап отыр. 

Түркістанда да тұрмысқа ең қажетті деген өнімдердің көпшілігі өндіріледі деуге болады. Мәселен, "Golden Camel Group LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрғақ сүт өнімдерін өндіруші еліміздегі ірі өндіріс компанияларының бірі. Өндіріс орталығы түйе және бие сүтінен құрғақ ұнтақталған сүт өнімдерін, ірімшік жасап шығарады. Өнімнің 90 %-і шетелге экспортталады. Жоба Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында мал басын арттырып, түйе шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Атамекен кәсіпкерлер палатасының «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша "Golden Camel Group LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тиісті сомадағы қаржыны алып жұмысын бастаған еді. Қала тұрғындары да болашақта өндіріс компаниясы аумағы одан да кеңейіп, қаланың экономикалық дамуына мол ықпал етеді деген сенімде.

Түркістанда ұн өнімдерінен түрлі тағамдар дайындалады
Ұлттық тағамдар мен сусындар арқылы несібесін тауып отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу