Түркістанда дәмді стейк дайындайтын мейрамхана туристерді таңқалдырды

Oinet.kz 12-11-2022 272

image.png

Қазір заман тез дамуда. Көптеген кәсіп түрлері шығып, адамдар бастаған кәсіптерінен мол табыс тауып, енді бірі шығынға батуда. Ал әлемде ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын кәсіп түрі - мейрамхана кәсібі десек болады. Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Түркістанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді.

Түркістанда қазірде тамақ өнеркәсіп саласы, мейрамхана салаларына баса көңіл бөлінеді. Себебі мейрамхана саласы тек қана туризм тұрғысынан ғана емес, кәсіптік тұрғыдан да басымдықты талап етеді. Қалада мейрамханалардың күрт өсуінің себебі де сол болар. "Иса стейк хаус" мейрамханасы да күн демей дамып келеді. Мейрамхана табысы қаламен бірдей өсіп келеді. Қазірде мейрамханалар ас мәзірі де әжептеуір өзгерістерге ұшыраған. Ол келген туристердің қаладағы тұрғылықты мейрамханаларға қызығушылығын арттырады. Мейрамханада тек фаст-фуд өнімдерін емес, ыстық отта әзірленетін туристердің сүйіп жейтін стейктері де әзірленеді.

Қоғамдық тамақтандыру саласы адамдардың еңбекшіл өмірінде маңызды орын алады, өйткені кез келген жұмысшы азанда үйінен жұмысқа шығып кетіп, кешке бірақ оралатын болса, ол міндетті түрде таңғы шай немесе түскі асқа қоғамдық тамақтандыру орындарына барады. Сондықтан, қоғамдық тамақтандыру орындарының дайындаған өнімдері адамзаттың осындай бөлігінің денсаулығына тікелей əсер етеді.

Аталған мейрамхана кәсіптері қалада тек қана тамақ шаруашылығымен айналысып қана  қоймай, қаншама жастарды жұмыспен қамтып, туристердің сүйікті орнына айналады. Сонымен қатар келуші қонақтардың есінде Түркістанды ұзаққа дейін қалдырады деп сенеміз.

Көне қаладағы "көне" мейрамхана жұрт көңілінен шықты
Түркістандық мейрамханалар авторлық тағам арқылы танымалдылығын арттыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу