Қазақстанда депозитке қосылатын сыйақы мөлшерлемесі ұлғайды

Oinet.kz 25-02-2022 1292

Screenshot_14.png

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры деозиттің сыйақы мөлшерлемесі көтерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі ұлғайған соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры артынша қысқа мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді арттырды", - делінген ресми хабарламада.

Screenshot_13.png

Бұдан бөлек, теңгемен ашылған ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын қолдау мақсатында 12 айлық мерзімді және жинақ депозиттерінің максималды мөлшерлемесі ұлғайтылды.

"Өзгерістер 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және осы күннен бастап банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемесін қайта қарауға құқылы", - дейді қор мамандары.


Картоп пен сәбіз экспортына рұқсат берілді
Қазақстанда Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинау басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу