Картоп пен сәбіз экспортына рұқсат берілді
Қаңтардың соңында әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын ұстап тұру мақсатында картоп пен сәбіз өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қойылған болатын.
Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарда қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысында бұл тыйымды алып тастауға шешім шығарды деп хабарлайды Oinet.kz.
Енді елде картоп пен сәбіз экспортына қайта рұқсат етіледі.
Алайда бірінші мамырға дейін 144,5 мың тонна картоп пен 57,5 мың тонна тұқымдық картопты ел аумағынан әкетуге сандық шектеуді бір мезгілде енгізу бойынша шешім қабылданды.