Көпбалалы отбасыларға төленген жәрдемақының мөлшері белгілі болды

Oinet.kz 23-02-2022 1434

Screenshot_17.png

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 27 млрд теңгенің жәрдемақысы төленген.

Мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 487,6 мың отбасы қамтылды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. 

Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді: 

төрт балаға - 49 100 теңге 

бес балаға - 61 383 теңге

 алты бала - 73 666 теңге

 жеті балаға - 85 948 теңге 

сегіз балаға - 98 016 теңге 

тоғыз балаға – 110 268 теңге 

он балаға – 122 520 теңге

 он бір балаға – 134 772 теңге он 

екі балаға – 147 024 теңге

 он үш балаға – 159 276 теңге 

Әр балаға төленетін сомма 12 252 теңгені құрайды. 

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. 


Мемлекет жауап бермейді
Картоп пен сәбіз экспортына рұқсат берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу