Мемлекет жауап бермейді

Oinet.kz 22-02-2022 1232

айт.jpg

Бүгін Забадам, Химфарм шағынаудандарының тұрғындары аштық жариялағандай түскі астарын да ішпей Шымкент қаласының әкімін тағатсыздана күтті. Дегенмен, көп күттірмесе де 5-10 минуттай кешіккеніне кешірім сұрап жеткен Мұрат Әйтенов тұрғындардың сауалы таусылғанша жауап беріп, бір орнында тапжылмай бір сағаттай тұрып алды.

Кездесу басында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаевтың жұмыс есебі тыңдалды. Сосын жұрт қысылып қымтырылмай-ақ кезектесіп сұрақтарын қойып, ортақ мәселелерін ортаға салды. Әйтенов алдымен тұрғындарға не үшін ел аралап жүргенін түсіндірді.

Жыл сайын аудан әкімдері халыққа есеп беріп, алдағы атқарылар жұмыстар жоспарын таныстырады. Биыл өзгерттік, өзім де қосылдым. Наурызға дейін осылай елді мекендердің бәрін аралап, тұрғындармен кездесіп, мәселелерді бірге кеңесіп талқылаймыз. Қорытындысы бойынша ауданда үлкен жиын өткіземіз. Ал, көпқабатты тұрғын үйге мемлекет жауап бермейді. Өйткені тұрғын үйдің қожайыны өздеріңіз, мемлекет емес. Бірақ, көмектеседі. Модернизация деген бағдарлама бар. Алдымен аудан әкімдігіне ұсыныс бересіздер. Оның керекті құжаттарын дайындап береді. Шатыры, қасбеті, тағы басқа да жөндеуді қажет ететін тұстарын шаршы метріне дейін жұмсалатын материалдар шығындарын есептейді. Пәтерінің көлеміне қарай тұрғындарға бөледі. Соған келіссеңіздер, мемлекет пайызсыз қарызға ақша береді. Соны әр ай сайын тұрғындар бөліп төлеп, 5-7 жылда қайтаруы керек, деді Әйтенов.


Жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бойынша өлшемшарттар әзірленді
Көпбалалы отбасыларға төленген жәрдемақының мөлшері белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу