Қазақстанда Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинау басталды

Oinet.kz 26-02-2022 1723

Screenshot_12.png

Бүгін Қазақстанның бірқатар танымал қайраткерлері бірлескен үндеу жариялап, Украина халқына гуманитарлық көмек сатып алуға қаражат жинайтынын жариялады. Қазақстандықтарға үндеу жасағандар арасында Арман Шораев, Бақытжан Бұхарбай, Марғұлан Сейсембаев, Мұхтар Жәкішев және Санжар Боқаев бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үндеу жариялағандардың сөзінше, Қазақстан халқы Кремльдің Украинаға жасап жатқан әскери агрессиясына алаңдап отыр.

“Ғасырлар бойы татулығына сызат түспеген бауырлас екі елдің соғысын көру біз үшін ауыр. Украина тәуелсіз мемлекет! Украин халқының өз елінің тәуелсіздігін қорғауға толық құқығы бар екені даусыз. Біз де Отанымыздың тәуелсіздігін барынша қорғауға дайын екенімізді айтқымыз келеді”, – деп жазылған әлеуметтік желіде таралған үндеуде.

Белсенділер қорғансызға қол ұшын созу – халқымыздың қанына сіңген қасиет екенін атап өтіп, қазақстандықтарды украин халқына көмектесуге шақырды.

“Кез келген соғыс – ауқымды гуманитарлық дағдарыс. Біз, бауырлас Украина халқымен біргеміз дегіміз келеді!

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді тағдырлары қыл үстінде тұрған украин халқына қолғабыс етуге шақырамыз! Украина еліне арнайы жіберілетін дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жинап, гуманитарлық көмек беруге шақырамыз!”, – делінген үндеуде.

Гуманитарлық көмекті (медициналық препараттарды) қабылдау пункттері:

1. Астана қаласында: Украина Елшілігі, Жылыой к-сі, 12

Байланыс нөмірі: +7 707 299 93 57 Рахимбек

2. Алматы қаласында: Фонвизин к-сі, 10, 307 каб.

Байланыс нөмірі: +7 771 377 77 73

Қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін Украина елшілігінен алуға болады.


Қазақстанда депозитке қосылатын сыйақы мөлшерлемесі ұлғайды
«Дикий Арманның» жары Президенттен араша сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу