Өңірлік бренд тауарлар өндірісін дамыту мәселесі талқыланды

Oinet.kz 28-05-2021 531

Screenshot_16.png

Шымкентте апта сайын инвестициядық штабтың отырысы болады. Ол тікелей қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өтетін жиналыс. Қаладағы инвестициялық мәселелер толығымен талқыланады.

Жиында «Қарапайым заттар» экономикасы бағдарламасы жобаларының ағымдағы жағдайы мен өңірлік брендті дамыту және жаңа жобалар мен олардың өзекті мәселелері талқыланды. Басқосуға басқарма басшылары және жеке кәсіпкерлер, инвесторлар қатысты. 

Қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаевтың айтуынша, «Қарапайым заттар» экономикасы бағыты бойынша 2021 жылы бес жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Каз Энерго-1» ЖШС электр сымдары және кабель өндірісі, «Аянат» ШҚ жылыжай кешені, «Dala construction» ЖШС құрама темірбетон конструкциялар және «Юникс» ЖШС минералды сулар және алкогольсіз сусындар өндіру жобалары жүзеге асырылады. 

Штаб отырысында өңірлік бренд тауарлар өндірісін дамыту мәселесі талқыланды. Шымкент қаласында осы салада 2,7 мың адам еңбек етеді. Ендігі кезекте жергілікті кәсіпорындар Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өндірісті кеңейтуге дайын. Алдағы үш жылға кеңейту жоспарлары дайындалуда. 


Әл-фараби ауданында 5 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан орналасқан
Инвест жобаларды қадағалайтын комиссия құрылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу