Әл-фараби ауданында 5 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан орналасқан

Oinet.kz 28-05-2021 500

Screenshot_15.png

Шымкент қаласында бүгінде кәсіпкерлік нысандар өте көп. Кәсіпкерлер өзінің нәпақасын күнделікті бизнесінен тауып әрі тұрғындарды жұмыспен қамтып табысқа кенеліп отыр. 

Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 4962 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері әрекет етеді. Олармен өткен жылы жергілікті бюджетке 4,7 млрд. теңгеге салықтық түсім түскен. Бұл жөнінде бүгін аталған ауданның кәсіпкерлерімен кездескен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев айтты. Ол бүгінде апта сайын қаладағы кәсіпкерлік нысандармен танысып, тыныс тіршілігінен хабардар. 

Өткен жылы Әл-Фараби ауданындағы 71 кәсіпкерлік нысанға 4,6 млрд. теңге жеке инвестиция тартылған. Нәтижесінде 508 адам жұмыспен қамтылған. Ал, 2021 жылдағы жоспар бойынша ауданға 17 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің күрделі мәселелері тыңдалып, оның шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен оның тиімділігі айтылып өтті.

Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары бар. Сол бойынша ойында идеясы бар азаматтар мемлекеттік бағдарламалар көмегіне жүгінуіне болады. 


Қайтарымсыз гранттарға құжаттар қабылдау басталады
Өңірлік бренд тауарлар өндірісін дамыту мәселесі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу