Қайтарымсыз гранттарға құжаттар қабылдау басталады

Oinet.kz 02-06-2021 3353

Screenshot_14.png

Шымкентте кәсіп ашып, нәсібін көріп жүргендер жетерлік. Олардың басым бөлігі мемлекеттен грант немесе аз пайызға несие алып бастағандар. Сол секілді «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарға 7 маусымнан бастап 18 маусымға дейін құжаттар қабылданады. 

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде осылай деп мәлімдеді.

Басқарма басшысы бағдарламаның шарттарын түсіндіріп, тұрғындар сауалына жауап берді. 

Тұрғындар тарапынан негізінен қайтарымсыз грантқа қатысты сұрақтар қойылды. Жалпы тікелей эфирге 1000-ға жуық қала тұрғыны қосылды.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде көрсетілген құжаттарды үлгіге сәйкес толтырып, ұсынуы қажет. 

Құжаттарды Ерімбетов көшесі, «Заңғар» бизнес орталығында орналасқан «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесіне өткізе алады.

Сонымен қатар Qoldau.kz электронды порталының, «Бизнестің жол картасы – 2025» бөлімінде онлайн түрде қабылданады.

Конкурстық құжаттар 7 маусым сағат 10:00-ден бастап, 18 маусым күні 13:00-ге дейін, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.


Білім-ғылым-инновация» үштігі үйлескен білім ордасы
Әл-фараби ауданында 5 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан орналасқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу