Инвест жобаларды қадағалайтын комиссия құрылмақ
Шымкентте апта сайын қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өтетін инвестициядық штабтың отырысынде шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары талқыланды. Және тағы бір мәселе ол өңірлік инвест жобаларды үнемі қадағалайтын комиссия құру. Осы мәселені қала әкімі мамандарға тапсырма етіп қалдырды.
2020 жылы бұл бағытта 162 жаңа өндіріс орындары ашылды. Алдағы үш жылда олардың санын 422-ге жеткізу көзделуде. Инвестиция көлемі – 11 млрд теңге шамасында. 6 мың жаңа жұмыс орны құрылады.
Қала әкімі өңірлік инвест жобаларды қадағалайтын комиссия құруды тапсырды. Аудан әкімдіктері осы жобаларды жүзеге асыру үшін жер учаскелерін анықтауы қажет.
Сондай-ақ, жиында жаңа жобалар мен жобалардың өзекті мәселелері талқыға түсті. Инвесторлар тарапынан көпқабатты үйлер, қонақүй және әлеуметтік нысандар жобалары таныстырылды.
Қала әкімі «зум» жүйесі арқылы түркиялық «Ozguven» компаниясының басшысымен сөйлесті. Шымкентке инвестиция тарту бойынша әлеуетті компания басшысымен жақын арада кездесуге келісті. Сонымен қатар, Шымкентке қажет бірқатар жобалар турасында әңгіме өрбіді. Бұл қаланың экономикалық ахуалын арттыруға керемет мүмкіндіктердің бірі болатын.