Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы аясында балалар бақ сынасты
Баланы жастант демекші, оның болашақта кім болатыны жастайынан байқала береді. Тек оның қабілетін аша білу керек. 1 маусым- Бүкіләлемдік балаларды қорғау күні. Осыған орай, Орталық саябақта Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы мен «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің бірлесе ұйымдастырған мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.
Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған «Бір қала- бір кітап» акциясы аясында «Шымқала – бақыт мекені» тақырыбында «Бір өлең – бір сурет» жас суретшілер байқауы өткізіліп, «Балалар сурет мектебі» мұғалімі Такенбаев Дінәсіл бастаған әділқазылар шешімімен І орын Ш.Алибай, ІІ орын Ж.Муслим, Б.Сапарбаев, ІІІ орын А.Нұралы, А.Гасанов иеленіп грамота, сыйлықтармен марапатталды. Талантты балалар орындаған ән-күй, әсем билер көрермендерге ерекше мерекелік көңіл- күй сыйлады. «Айгөлек» би тобының әдемі әсем биімен бастау алған іс-шарада аниматорлар қойылымы, ертегілер кейіпкерлері Алдар көсе, Тазша бала бейнесі бүлдіршіндерді таң -тамаша етті. «Балалар әдебиеті» тақырыбындағы викторина да балалар зеректігін танытып, олар оқыған өлеңдер ерекше шабыт сыйлады.
Бақытты балалық шақтың базары тарқамасын!