Бүлдіршіндер мерекеде өнерлерін ортаға салды
1 маусым – балаларды қорғау күніне орай, және де ағымдағы жылдың «Балалар және жасөспірімдер әдебиеті» аталуына байланысты шаһарымыздың Абай атындағы саябағында өнер додасы өтті. Аталған іс шараны Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі КММ ұйымдастырып, балаларды шат-шадыман шаттыққа бөлеп, мәз болып тарқасты.
«Әрқашан күн сөнбесін» атауымен өткен өнер сайысында көркем сөз оқудың және сурет салудың жас шеберлері қатысып, мақтау қағаздармен марапатталып, естелік сыйлықтар ұсынылды. Қаламыздың елге танылып қалған жас ақындар мен қылқалам шеберлерінің қазылығымен қатысушылар өнеріне баға беріп, жиналған көпшілік қошемет білдірді.
Айта кетсек, күннің ерекшелігі – балалардың асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салып, соңы үлкен сайысқа ұласқаны болды. Бұл сайыстың талапкерлері де түгелі дерлік марапатталды.
Аталмыш мерекелік шараға қаламыздың жезтаңдай әншілері мен Цирк өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлап, жиналған ата-аналар да керемет мерекелік кеш үшін алғыстарын аямады.
Тағы да бір қуанышты жаңалығымен бөліскен кеш қонағы - Байдүйсен Нұрмұхаммед атты жерлесіміз Дүниежүзілік қоршаған орта күнін мерекелеуге арналған "Менің жасыл планетам" балалар суреті конкурсының қорытындысы бойынша 12-14 жас аралығында І орын иеленген болатын. Ол марапатты кітапханамыздың директоры Закира Сембекқызы жастарға үлгі болсын деп, көпшілікке таныстырды.