Қолөнершілер көрмесі өтеді

Oinet.kz 01-06-2021 2977

Screenshot_10.png

Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қолөнерді бағалаушы көрме сүйер қауым назарына осы жылдың 4-5 маусым күндері Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай Көрме орталығының ұйымдастыруымен «Халық мұрасы-халық қазынасы» қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Көрме-жәрмеңкеге өңіріміздің он саусағынан өнері тамған шеберлер өз туындыларын халыққа паш етеді. Атап айтқанда: 

- ағаштан, теріден, қыштан, сүйектен жасалған бұйымдар;

- тоқыма және киізден жасалған бұйымдар;

- қыз жасауы, ұлттық киім, гобелен; 

- зергерлік әшекейлер, қайталанбас авторлық жұмыстар;

- суретшілердің төл туындылары және түрлі материалдардан жасалған бұйымдар.

Сондай-ақ, қайталанбас авторлық төл туындыларға ҰТЫС ойындары ЛОТЕРЕЯ ұйымдастырылады. 

Келіңіздер! Көріңіздер! Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ұлттық қолөнерімізді қолдауда жарысайық! 

Біздің мекен жайымыз: Шымкент қ., Н.Назарбаев даңғылы 12, «Көрме орталығы» МКҚК.

Байланыс телефоны: 8 702 962 80 78

Өтетін күндері, уақыты: 4-5 маусым сағ.11.00-18.00


Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы аясында балалар бақ сынасты
«Парақtimes» кітап жәрмеңкесі мәресіне жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу