Балалар кітапханасында шоу

Oinet.kz 01-06-2021 651

Screenshot_5.png

Халықаралық балалар күні - әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.

1 маусым - Балаларды қорғау мерекесіне орай 4-ші балалар кітапханасы мен "Жастық" аула клубының ұйымдастыруымен "Біз бақытты баламыз" атты мерекелік шоу өткізілді.

Мерекелік шоу гимнастикалық би, викториналық сұрақтармен қатар, 46-шы мектептің 4 а сынып оқушылары "Егінші мен қасқыр" қойылымымен жалғап, ұлттық " Асық" ойыны ойнатылды.31-ші мектеп оқушыларының "До-ре-ми" биі де мерекеге жиналған балаларға керемет көңіл күй сыйлады. 

Аулада орналасқан "Тілектер ағашына" балалардың жүрек жарды игі тілектері ілініп, асфальтта сурет салу сайысы, флешмоб биленіп іс -шара өте көңілді өтті.Қатысушы балалар алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.

Бұл күнді тек біздің ел ғана емес, 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Тұңғыш рет 1950 жылы аталып өткен халықаралық балалар күнінің өз жалауы бар. Бұл жалауда жер шарын қоршаған түрлі бала бейнеленген.


Ерекше балаларға тарту жасады
«Бала болашағымыз!» — этноауылда мереке
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу