Ерекше балаларға тарту жасады

Oinet.kz 01-06-2021 687

Screenshot_4.png

 «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі Шымкентте жоғары деңгейде аталып өтті. Мәдениет басқармасына қарасты барлық нысанрдар белсене өздерінің дайындаған мерекелік бағдарламаларымен оқушыларды тәнті етті.  Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының, «Нұрсәт» өнер мектебімен және Арнайы оқытуды қажет ететін балаларға арналған ШҚББ Сайрам көмекші мектеп – интернат колледжімен бірлескен қайырымдылық іс-шарасы өтті. 

 Іс-шара аясында кішкентай көрермен назарына А.Атымтаеваның «Кім патша?» ертегісі қойылып, «Нұрсәт» өнер мектебінің бүлдіршіндері мерекелік концерттік бағдарламасын тарту етті. 

 Сонымен қатар театр фойесінде «Нұрсәт» өнер мектебінің «Әлем балалар көзімен» көркемөнер көрмесі мен Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының «Сахнаның тылсым сыры» атты бутафориялық бұйымдар мен сахналық костюмдер көрмесі өтті.

 Қайырымдылық іс-шараға шақырылған Арнайы оқытуды қажет ететін балаларға арналған ШҚББ Сайрам көмекші мектеп – интернат колледжінің балаларына мерекелік сыйлықтар үлестіріліп, ертегі кейіпкерлерімен фотосессия жасалынды.


Мәдениет майталмандары бүлдіршіндердің тұсауын кесті
Балалар кітапханасында шоу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу