Bluetooth туралы не білеміз?

Oinet.kz 24-04-2019 1755

Screenshot_30.jpg

Баршамыз ұялы телефондағы Bluetooth-ды білетін шығармыз. Ал сіз білесіз бе  «bluetooth» сөзі  ағылшын тілінен аударғанда «көк тіс» деген мағынаны білдіреді. Оны 10 ғасырда Дания мен Норвегияның аз бөлігін билеп,  дат тайпаларының басын бір патшалыққа біріктірген Харальд I немесе Харальд Синезубый патшаның құрметіне атаған. Ойланып көрсеңіз, ұялы телефондағы Bluetooth – дың  да қызметі байланыстарды бір ортақ жүйеге жинап, бір телефонмен екіншісін байланыстырып отырады.  Ол 100 метр ара-қашықтықтағы байланыстарды таба алатын мүмкіндігі бар. Тіпті, басқа бөлме, қабатта болса да. Bluetooth- дың логотипі скандинавиялық руна жазуының екі белгісінің қосындысынан шыққан. Яғни «Хаглаз» (Hagall) —  латынша H және  «беркана» (Berkanan) — латынша B.

Bluetooth – ды алғаш 1998 жылы құрылған Bluetooth Special Interest Group  тобы ойлап тапты. Оның құрамына  Ericsson, IBM, Intel, Toshiba и Nokia компаниялары кірді. 

Бала иммунитетін көтерудің тиімді жолдары
Қош бол, Фариза Оңғарсынова!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу