Халықаралық би күнінің маңызы зор
29 сәуір Халықаралық би күні – «барлық биді» біріктіруге қызмет етіп келе жатқан атаулы күн. Бұл өнер түрі әр түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымақтастық пен бейбітшілікке баулып, этникалық қарым-қатынасты одан әрі нығайта түседі.
Бидің де өзі үні, өз тілі болады. Би де талғамды қажет етеді. Тілмен түсіндіре алмайтын жайтты бимен жеткізуге болады. Биде де аса терең философиялық ой жатады.
Бүгінгі айтулы мерекеде «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы»МҚКҚ жанынан құралған «Қазына» және «Шаттық» би ансамблдерін, жалпы би ұжымын айтулы мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Шығармашылық шабыт, тың идея, биік белестер тілейміз. Әрқашанда біздің мақтанышымыз болып жүре беріңіздер!
Дәстүр бойынша, жыл сайын әлем халықтары осы күнді аса жоғары деңгейде атап өтеді. Әр елден жиналған би өнерінің шеберлері түрлі конкурстар өткізіп, бұл өнердің атын жаңғырта түседі. Ал биыл карантинге байланысты биыл үлкен іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ.