Оркестр ұжымына жаңа көркемдік жетекші тағайындалды

Oinet.kz 28-04-2021 639

Screenshot_8.jpg

 «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директоры Майғазиеа Сәкен Қордабайұлының бұйрығымен мекеме жанынан құрылған ұлттық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі болып Бегендіков Жалғасбек Әмірханұлы тағайындалды.

Бегендіков Жалғасбек Әмірханұлы 1953 жылы ОҚО Мақтарал ауданында дүниеге келген. 1973-1978 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік Алматы консерваториясын прима-домбыра және дирижерлік бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 1993-1995 жылдары Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрынан бастап, 1998-2005 жылдары Н.Тілендиев атындағы фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестірінің көркемдік жетекшісі, әрі бас дирижер, 2010-2012 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық оркестірінің бас дирижеры, осы күнге дейін Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында профессор, ұлағатты ұстаздық қызметті жасап келген. 

Қажырлы еңбегінің арқасында 1994 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы, 1997 жылы «Доцент» ғылыми атағы, 2001 жылы Шамгон Қажығалиев атындағы I-Республикалық дирижерлер байқауының лауреаты, 2013 жылы «Құрметті профессор» атағы берілген. 

«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК жанынан құрылған ұлттық аспаптар оркестірі тәй-тәй басып, бүгінде білікті мамандармен толығып келеді.


Халықаралық би күнінің маңызы зор
«Taht Istanbul» енді Шымкентте де бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу