«Tolem Tourist» қолданысқа енбек

Oinet.kz 04-05-2021 1912

Screenshot_8.png

“QazSmartTrans” ЖШС-і басшысының орынбасары Нурланулы Ерлан және “Шымкент қаласы туризм басқармасының “Shymkent tourism center” туристік ақпараттық орталығы” КММ-і басшысының орынбасары Умаров Ерлан Сүйіндікұлы өзара түсіністік және ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. 

“QazSmartTrans” ЖШС-сі және “Shymkent tourism center” бірлесіп, Шымкент қаласына келген әрбір туристке қолайлы жағдай жасап, бірлескен келісілген ынтымақтастық іс-әрекеттерін жүзеге асырады. «QazSmartTrans» ЖШС мен Шымкент туристік орталығы бірлесіп қала туристеріне арналған Tolem Tourist картасын шығаруды жоспарлап отыр.

Туристік карта немесе Tolem Tourist - бұл сізге танымал туристік орындарға ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қалалық картаның артықшылықтары:

Қоғамдық көлікте ақысыз жүру - Travel Pass.

 Қаланың көптеген мұражайларына, театрларына және танымал туристік орындарға жеңілдіктер немесе тегін кіру.

 Мейрамханалар мен кафелердегі жеңілдіктер мен бонустар.

 Сауда орталықтарында жеңілдіктер.

Туристік картаның екі түрі бар:

1. Біріккен карта ұсынылатын қызметтердің барлық спектрін қамтиды.

2. Қызмет түрлері бойынша, яғни мұражайларды аралауға арналған бөлек жол картасы, т.б.

Туристік картаны сіз орналасқан елдегі туристік орталықтардан, дүкендерден және қонақ үйлерден немесе интернеттен сатып алуға болады, бұл жағдайда сіз жеңілдік ала аласыз.


Карантинде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қосымша
Халықаралық би күнінің маңызы зор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу