Түркиялық кәсіпкер шұлық өндіру жобасына инвестиция құймақ
«EKOL» түрік компаниясының бас директоры Озден Кочак Шымкентке арнайы келді. Ондағы мақсаты –жалпы инвестиция көлемі 2 млн.долларды құрайтын шұлық бұйымдарын өндіру бойынша жобаны іске асыруға ниетті. Жоба аясында 100 жұмыс орны құрылмақ.
«Оңтүстік» арнайы аймағына экономикалық мырза жұмыс сапарымен келген ол арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесін алу тәртібімен, преференциялары мен шарттарымен танысты.
Түркиядан сапарлатып келгенқонақ үшін «Бал Текстиль» ЖШС фабрикасы, «Әлем-БТ» ЖШС фабрикасы, «LUX Shoes» БК» ЖШС және «Шымкент Кашемир» ЖШС фабрикаларының өндірістік алаңдарына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында АЭА кәсіпорындарының басшылары Озден мырзамен өңірдің ағымдағы инвестициялық ахуалын, арнайы экономикалық аймақта, өнімді өткізу нарықтарында және т. б. бизнесті дамыту және жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.
Бұдан басқа, қонақ 2020 жылдан бастап «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызмет ететін, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін мамандарды дайындайтын жеңіл өнеркәсіптің құзыреттілік орталығына барды.
Өз кезегінде, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы атынан «Бал Декор» ЖШС директоры, Шымкент қаласындағы түрік кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Дурру Огуз мырзаға және Шымкент қаласының кәсіпкерлерге қызмет көрсету Фронт-офисінің басшысы Уәлиев Саят мырзаға іс-сапарды ұйымдастыруда қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.