Инвесторлар тарапынан 3 мектептің құрылысы басталды

Oinet.kz 25-03-2021 566

Screenshot_8.jpg

Үшінші мегаполистегі өзекті мәселелердің бірі – мектеп. Шаһарда мектеп жасындағы балалардың да көптігі сонша үш ауысымды мектеп мәселесі күні бүгінге дейін көтеріліп жүр. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында и“Shymkent” ӘКК” АҚ ұйымдастыруымен инвесторлар тарапынан салынатын 3 мектептің құрылысы басталды. 

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында  Сайрам аудандағы “Яссауи” мектебі. 412 оқушыға арналған білім нысаны биыл мамыр айында пайдалануға беріледі.

Екіншісі Құрсай шағын ауданындағы жылпы қуаттылығы 500 оқу орындық мектеп. Жаңа оқу ордасының құрылысын ТОО “Бекназ и К” компаниясы мен “Shymkent” ӘКК” АҚ бірігіп жүргізуде.

Үшіншісі “Назимхан” орта мектебі. Оның құрылысы осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

Одан бөлек, биыл жаңа оқу жылына дейін апатты жағдайда тұрған мектептерді толық жөндеуден өткізіп, ел игілігіне беру көзделген.

Жалпы, 2025 жылға дейін Шымкентте 85 мектеп салынады. Оның кем дегенде 70 пайызы жеке инвесторлардың қаржысына бой көтермек. Қазіргі таңда 13 мектеп үш ауысым бойынша жұмыс істейді. Тағы 30 білім ұясында орын тапшылығы байқалады.

Айта кетейік, Шымкентте инвесторлар тарапынан 19 жобаға қолдау көрсетілмек. Оның 6 емхана болса, қалған 15-і мектеп. Осы жобаларға жалпы 36 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады.

Айта кетейік, аталған жобалар “ӘКҚ Shymkent” АҚ ұйымдастыруымен жүзеге асуда.

Түркиялық кәсіпкер шұлық өндіру жобасына инвестиция құймақ
Люкс аяқ киімді бәсекеге қабілетті кәсіпорын өндіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу