Қытай инвесторы Шымкентте желатин мен былғары өндірісін дамытуға ниетті

Oinet.kz 23-03-2021 452

Screenshot_6.jpg

Шымкент республикалық маңызы бар үшінші қала атанғалы шаһарда біршама оң өзгерістер орын алды. Қала көркі ажарлана түсіп, шымкенттік брендті қалыптастыра түсетін өндіріс орындары да қаланың атағын шығаруға үлесін қосуде. Осы тұста шетелдердер Шымқалаға бірнеше инвесторлар келіп өз ұсыныстарын жеткізуде. Мәселен, жуырда Түркия мен Қытай инвесторлары арнайы келіп кетті. Оларды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев қарсы алып, бұйымтайларымен танысты. 

Кездесу барысында үшінші мегаполиске салынатын инвестиция жайлы сөз болды. Қытайлық инвестор қаладағы желатин мен былғарыны дамыту мақсатында 3,8 миллиард теңге инвестиция салуға дайын екенін жеткізді. 

Инвесторлар «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жақын арада өз өндірістік жобасын бастайды. Жоба аясында жалпы 350-ден аса жұмыс орны ашылады. Келіссөз соңында қала әкімінің орынбасары шетелдік инвесторларға сенім білдіргені үшін алғысын айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істейтінін жеткізді. Бұл да бір қаланың өндіріс қуаттылығын арттырып, өзге елдерге үшінші мегаполистің оң имиджін қалыптастыратын мүмкіндік сынды. Айта кетейік, бұл келіссөз "ӘКҚ Shymkent” АҚ ұйымдастыруымен іске асуда.

Қазақ Радиосының жүз жылдығы атап өтілді
Түркиялық кәсіпкер шұлық өндіру жобасына инвестиция құймақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу