Өзімізді кешіруді қалай үйренеміз?

Oinet.kz 22-04-2019 830

image_l (15).jpg

Біз жағымсыз сезімдерімізді жойып, санамыздан қуып, бір сөзбен айтқанда жанымыздың түбіне тығып қойғымыз келеді. Осы күрес ішкі қақтығысты тудырады. Соның себебінен, өзіңізге көңіл толмаушылық, депрессия және ашуланшақтық пайда болады. Өзіңізді кінәлі сезінсеңіз, қалай кешіруге болады? Сізді ренжіткен адамдарды оңай кешіруіңіз мүмкін, бірақ өзіңізді кешіру қиынға соғады. Өзіңізден басқа кінәлайтын ешкім жоқ екенін білген сәтте бұл сезім тұла бойыңызды жаулап алады. Келесі қағидаларға сүйене отырып, өзіңізді кешіруді үйренуге болады: 1. Өзіңіздің әрекетіңізді қабылдап үйреніңіз. Әрекетіңізді, ісіңізді және даралығыңызды қабылдаған кезде адамдардың жақтауын іздемеуге болатындығын түсіне бастайсыз. Сіз өзіңіз үшін беделдісіз. Біреудің алдында өз сезімдеріңіз үшін кешірім сұрамауыңызға болады. 

Сіз мінсіз болуға міндетті емессіз. 2. Өзіңізге өзіңіз жау болмаңыз. Сіз кешіруге лайықты екендігіңізге сеніңіз. Адам болғандықтан бәрі қателік жібереді. Әркез әрекетіңіз үшін өзіңізді жазалаудың қажеті жоқ. Сіз бақытты болуға лайықсыз, өткен үшін өзіңізді өмір бойы қинамаңыз. 3. Егер біреу кінәні әрдайым сізге аудара берсе, оның айтқан сөздеріне құлақ аспаңыз. Өзіңізге және басқаларға ештеңеге қарамастан кешірімге лайық екеніңізді дәлелдеңіз. Өзіңізді жақсы болу үшін ғана өзгерту керек. Сіз орынсыз шабуылдарға қарсы тұра аласыз, сіз – дара тұлғасыз. 4. Мінсіз болуға тырыспаңыз. Сіздің өз мықты жақтарыңыз бар және ол сізді басқалардан ерекшелейді. Жай өз даралығыңыздан ләззат алыңыз. Өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз. 5. Өз сезімдеріңіз бен ойларыңызды ашық білдіріңіз. Адамдар сіздің шынымен нені қалайтыныңызды және не сезінетініңізді білуі керек. Сол кезде басқаларға ұнау үшін өтірік жымиюдың немесе басқа да нәрселер жасап, көп энергия кетірудің қажеті болмайды. 

Сіз бәріне ұнауға міндетті емессіз. Өзіңізге ұнамайтын және айналаңыздағылар қолдамайтын сезімдеріңізді түсініп көріңіз. 6. Егер өзіңізді кешірмесеңіз не болуы мүмкін? Өміріңізге ешкімді кіргізбеуіңіз мүмкін. Әрдайым жалғыз жүресіз. Тіпті, үлкен эмоциялық жүкті арқалап жүргендіктен, ауруға шалдығуыңыз мүмкін. Осылай болғанын қаламасаңыз, қайтадан ойланыңыз. 7. Кешірудің маңыздылығын түсініңіз. Кешірім (өзіңізді болсын, басқаны болсын) толықтай емделуге көмектеседі. Кешірімге деген жол қазіргі шақта өмір сүріп, болашаққа үмітпен қарауға мүмкіндік береді. 8. Жоғарыда айтылғандай өзіңізді бірден кешіру қиынға соғады. Сондықтан күнде еңбектену керек. Мысалы, өзгеремін деп шешкен күннен бастап, күнделік жазып жүріңіз. Оны оқып, өміріңіз жақсы жағына өзгеріп жатырғанын байқауыңыз мүмкін. Бастысы, өзіңізге жақсы болу үшін кешіріп үйренудің маңызды екенін біліңіз. 9. Әр күні кішкентай жеңістерге жетіңіз, қол жеткізген нәтижелерді бекітіңіз. Өзіңізге сенсеңіз, күн өте бәрі жақсы бола түседі, өзіңізді ыңғайлы сезіне бастайсыз. Жеке тұлға ретінде өзіңіз туралы көбірек білуден рақат алып үйреніңіз. Ол туралы ешқашан өкінбейсіз. Сөйтіп, ішкі жан дүниеңізбен жұмыс істеп үйренесіз. Достарыңыздан көмек сұраңыз. Сіз жалғыз емессіз және бұл жолда сізге қолдау қажет. Басқаларды кешірсеңіз, өзіңізді де кешіре аласыз. Әрекетіңіз әлсін-әлсін есіңізге түсуі мүмкін. Бірақ, өзіңізді толықтай кешірген кезде ол естеліктерге өзіңізді тану жолындағы өмірдің берген сабағы ретінде ғана қарай аласыз.
Дереккөз: massaget.kz

Өзімізді кешіруді қалай үйренеміз?
Дарынды баланы қалай тәрбиелейміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу