Дарынды баланы қалай тәрбиелейміз?

Oinet.kz 22-04-2019 1043

image_l (16).jpg

Әр балада дарындылық ұшқыны бар. Ата-ананың мақсаты – сол дарынды көріп, оны ашуға көмектесу. Өкінішке орай, көпшілік ата-ана өз арманына баласы қол жеткізгенін қарап тұрады. Көп жағдайда адам "жақсы алма өсіп келе жатырса да, алмұрт шығаруға тырысатындығы" рас. Сондықтан ата-ананың міндеті – өзіне қандай "жемістің" түрі тап болғанын көру, оның өсуіне қажетті "тыңайтқыш" немесе материал беру және терең тамырын жіберуге көмектесу. Сол кезде бірегей қабілеті бар адам шығады. Өкінішке орай, қазір бәріміз нақты ғылымға сүйенеміз.

 Мысалы, бала туа салысымен немесе 3 жасынан бастап фортепианода керемет ойнамаса, баламызға ерекше дарын берілмеген деп ойлаймыз. Алайда, балаңыз барлық адамның тілін тауып, басқалармен еркін сөйлесіп кететін болса немесе сыныбында ең тез жүгірсе, кішкентай кезінен бастап бірдеңені қолдан жасауға қызығушылық білдірсе, ол да дарын екенін ұмытпаңыз. Кез келген дарынды махаббатпен дамытса, оның қабілеті күшейіп, өскенде бақытты болуына септігі тиеді. Себебі, сүйікті ісіңмен айналысу және айналаңда сені қолдайтын адамдардың болуы – нағыз бақыт.   Дарынды балалармен не істеуге болмайды? Балаңыздан қандай да бір жоғары қабілет байқадыңыз дерлік. Мысалы: ол кішкентай кезінен бастап математикадан, физикадан есепті жақсы шығарады немесе музыкалық аспаптарда керемет ойнайды. Тіпті, өте жас кезінде университетке оқуға түсетін балалар да бар. Ол кезде не істеу керек? Не істеуге болмайды? Тарихқа үнілсек, өкінішке орай, көптеген дарынды адамдардың бақытты тағдыры болмағанын түсінеміз. Олай болу себептерінің бірі – оның артында тұрған ересектер баласының дарындылығының жемісін жылдам көргісі келуі. Балаңыздың дарыны қаншалықты бірегей болса да, сізге қандай ақылды көрінсе де, қаншама формуланы жатқа білсе де, бірінші кезекте, оның бала екендігін ұмытпаңыз. Оның өте жоғары интеллектуалды қабілеті бар болса да, эмоциялық деңгейде ол барлық балаларға қажетті нәрселерге мұқтаж болады. Дарынды (кішкентайынан басқаларынан артықшылығы айқын көрініп тұратын) балалары өсіп келе жатқан көптеген ата-аналар балаға кедергі келмес үшін көптеген заттарға шектеу қояды. Яғни, баланы толықтай оқуға отырғызады. 

Әсіресе, қоғаммен қатынасуға (сөйлесуге) шектеу қояды. Сол себепті бала бақытты болып өсуі үшін кез келген адам үшін қажетті мейірімді алудан қалады. Кішкентайынан басқа балалармен араласып өспеген бала, есейгенде қаласа да, оларда араласу икемі, басқалармен ойнау икемі, байланыс икемі және басқа қызмет саласына ауысу икемі жоқ. Бала көптеген еңбекпен өз саласында мақсатына жеткенде, ол адам ойлана бастайды, ары қарай не істейтіндігін білмей қалуы мүмкін. Сондықтан балада жан-жақсы әуесқойлығы болуы керек. Сөзсіз, ол басқа балаларға қарағанда математикамен тереңірек айналысу керек. Ол оны қалайды, ол оның қолынан келеді және алға басу байқалады.  Бірақ одан басқа баланың хоббиі және әуесі болуы керек. Дарынымен байланысты пәнге қатысы жоқ басқа әуесқойлығы болғаны жөн. 

Өмір талабы – жан-жақты әрі икемді адам. Әйтпесе, өзінің тек бір жағын дамытуға бүкіл өмірін арнаған адам, есейгенде ішкі түніспеушілікпен соқтығысып, күйзеліске ұшырауы мүмкін. Ендеше, мына ережелерді ескеріңіз: 1. Бала өмірінен басқа пәндер жоғалып кетпеу керек. Оған шығармашылықпен немесе спортпен айналысуға мүмкіндік беру керек. 2. Балада міндетті түрде жеке уақыты болуы керек. Әсіресе, балалармен араласуға, ойнауға арналған уақыт керек. Себебі ол қаншалықты ақылды болса да, қаншалықты үлкен көрінсе де, балалардың өз жасына арналған ойындармен ойнауы маңызды. Бала үйде отырып, 9 жасында университеттің деңгейіндегі есепті шығарып отырса да, ол аулаға шығып, басқалармен бірге қуыспақ ойнағысы келмейді деген сөз емес. Көбінесе, басқаларынан ерекшелігі айқын көрініп тұратын балаларға бірден ойнауға кірісіп кету қиынға соғады. Олар тұйық болуы да мүмкін. Сол кездегі ата-ананың мақсаты – баласына ұнайтын орта табу, ыңғайын іздеу. 3. Балаңыздың қандай да бір дарынын дамытуға қаншама күш салсаңыз да, ол оның өмірі, егер ол бір күні барлығын өзгертемін деп шешсе, оның құқығы бар екенін ұмытпаңыз. Себебі кейде екі қадам алға жылжу үшін бір қадам артқа жасаған да дұрыс. Балаңыздың артқа қадам жасауына, демалыс жасауына мүмкіндік беріңіз, ол бірдеңеден қалып қояды деп қорықпаңыз.
Дереккөз: massaget.kz

Өзімізді кешіруді қалай үйренеміз?
Салмақ қосу үшін көп тамақтану керек пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу