Ерлер мен әйелдер көйлегі түймесінің оң мен солға тігілу сыры

Oinet.kz 22-04-2019 1135

image_l (14).jpg

Ерлер мен әйелдер көйлегінің түймелері екі түрлі орналасады. Бұл айырмашылықтың сырын білесіз бе? Әлде мән беріп көрмеген бе едіңіз? Ерлер көйлегінде түйме оң жаққа, әйелдерде сол жағына тігіледі. Мұны қалыптасқан тігін қағидасы ретінде қабылдағанмен, дизайнерлік үлгі болып саналмайды. Себебі бұлай болып тігілуінің сыры өзге бір оқиғамен байланысты. Ерлер мен әйелдер көйлегіндегі бұл айырмашылық ХІІІ ғасырдан бастау алады екен. 

Сол кезде бай ханшайымдар өздеріне күтуші жалдайтын болған. Олар өз ханшайымдарына ас әзірлеп қана қоймай, киіндіретін де қызмет атқарған. Күтушілер патшайымдарын киіндіруге ыңғайлы болу үшін олардың көйлек түймелері сол жағына тігілген.  Ал ер адамдар өздері киінуге ыңғайлы болу үшін түймелері оң жағына жапсырылған. Нәтижесінде бұл айырмашылық сол уақыттан бастап қалып қойған.
Дереккөз: massaget.kz

Қынаның шашқа әсері
Өзімізді кешіруді қалай үйренеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу