Әйел адам туралы қызықты деректер

Oinet.kz 22-04-2019 1159

image_l (9).jpg

1. Қол беріп амандасқанда, қыздар көбіне қолды қыспайды. 

 2. Қыздар көп жағдайда қолын бос қалдыруды жөн көрмейді. Сондықтан қолына міндетті түрде сөмке ұстап жүреді. Сөмке болмаса, гүл, қолғап, т.б. ұстайды. 

 3. Қыздар отырған кезде, екі аяғын бір-біріне параллель етіп қояды немесе аяғын айқастырады.  

4. Әйелдердің жүрегі ер адамдардың жүрегіне қарағанда 20%-ға кіші.  

5. Ал миы ерлердің миына қарағанда 10%-ға кіші. 

 6. Нәзік жандылар ерлерге қарағанда бір күнде 3 есе көп сөз айтады. Көп сөйлеу әйелдердің миындағы рахаттану орталығының жұмысына байланысты. Сондықтан әйел адамның көп сөйлеуі – қалыпты жағдай.  

7. Сондай-ақ әйелдер әңгімелесуші адамын ер адамға қарағанда мұқият және ұзақ тыңдай алады. 

 8. Статистикаға сүйенсек, келіссөзді әйелдер еркектерге қарағанда жақсы жүргізеді.  

9. Әйелдер қолғапты көшеге шықпастан бұрын киеді.  

10. Есінеген кезде әйелдер аузын алақанымен жабады, ал еркектер жұдырығын қалқалап есінейді. 

 11. Артына қарағанда қыздар көбіне мойнын ғана бұрады, ал жігіттер денесін түгел бұрып қарайды. 

12. Кешігу, жігітті күткізу – қыздардың жазылмаған заңы. Қыздар кешкі кездесуге күні бойы дайындалып, бәрібір кешігеді.  

13. Әйелдер кірпігін бояғанда, аузын ашады.  
Дереккөз: massaget.kz

Аяқ киімді кеңейтудің 6 әдісі
Ақпаратты қалай қабылдайсыз? (Тест)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу